Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру

Жаңа шыққан нөмірі

№2(70),
2018
Шығарылымды жүктеу

Ғылыми бағыттар

Номерлер мұрағаты

Журнал туралы

«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналы 1998 жылғы желтоқсаннан бастап шығарылады.

Журналда физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химиялық-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және олармен шектес ғылымдар саласындағы, экология, халықаралық ғылыми байланыстар бойынша түпнұсқалық әрі бұрын басылмаған зерттеулер нәтижелері туралы мақалалар сонымен қатар жас ғалымдардың зерттеулері жарияланады.

Журналда жариялау үшін әртүрлі бағыттар бойынша мақалалардың қолжазбалары, сонымен қатар бұрын жарияланған жұмыстарға қысқаша түсініктеме, ғылыми конференциялар мен кеңестер туралы ақпарат, монографияларға рецензиялар қабылданады. Журнал мақалаларының толық түйіндемесі болу керек.

Журналда отандық және шетелдік авторлардың қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі мақалалар жарияланады. Мерзімділігі: журнал жылына 4 рет (тоқсан сайын) шығарылады.

Журнал Қазақстан Республикасының аумағында, ТМД елдері және алыс шетелдерде таралады.

ISSN 1729-536Х

Ғылыми мақаланың құрылтайшысы: Инновациялық Еуразия университеті.

2007 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген тіркеу куәлігінің № 8712-Ж.

Мақалалар мұрағаты
Қазақстанның жастары және тындырымды әскери дайындық (1941 - 1945 жж.)

Аннотация: Майданға Қазақстанның жастарымен комсомолдарын әскери мамандыққа даярлау. Бұл мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы мекемелердегі қорғаныс және спорттық дайындықтары туралы сұрақтар қарастырылған.

Аннотация: Осы мақалада теориялық механиканың есептерiнiң шешiмнiң процессiнiң көрнекi демонстрациясы үшiн қазiргi программалық өнiмдердi тиiмдi қолданып есептiң қойылуынан аналитикалық ұсыныста, график түрiнде нәтиженiң алуына көніл бөлінген. Студент тiлдi таңдауға, дәрiстiң курсiнен теориялық мәлiметтерiн алуға, тестейтiн бағдарламамен пайдалана алатыны көрсетілген.

Автор:
Балаларда жанама əсер туғызатын гельминттерге қарсы препараттар

Аннотация: Қазіргі уақытта энтеробиоздың клиникалық көрінісі айтарлықтай толық зерделенген, алайда соңғы онжылдықтағы жаһандық экологиялық өзгерістер, гельминттерге қарсы дəрілік заттарды кеңінен қолдану жəне бірқатар өзге факторлар осы паразиттік инвазиялардың клиникалық бейнесін өзгертті. Бүгінгі таңда балалардағы паразиттік инвазияларды емдеу мəселесі де толық шешілмеген. Паразиттерге қарсы препараттардың кең спектріне қарамастан, олардың барлығының толып жатқан жанама əсерлері бар, одан бөлек паразиттерге қарсы препараттарға көптеген паразиттердің төзімділігінің даму тенденциясы байқалады. Осыған байланысты, уақытылы емдеуді жанама əсерлері барынша аз жəне балалардағы паразиттік инвазияларға қатысты тиімділігі жоғары əдістермен жүргізу мақсатында ішекқұрттық- паразиттік инвазияларды ерте, сапалы, ақпараттық-өзіндік анықтаудың əдістерін іздеу өзекті болып қала бермек.