Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Мақалалар мұрағаты

Журнал номері, №: 2015. № 2

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі маркетинг және ақпараттық жүйенің дамуы мен жағдайы

Аннотация: Осы жұмыста Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасындағы ақпараттық-
маркетингтік жүйенің құрылуы мен қалыптасуы баяндалады. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметіне
талдау жасалған, сонымен қатар ауылдық ақпараттық- консультациялық орталықтарды жетілдіру
мен тармақталған аймақтық желіні дамыту бойынша жаңа бағыттар ұсынылған.

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері
қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің
төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын
басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық
дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.

Мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары

Аннотация: Бұл жұмыста мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландырудың негізгі проблемалары
қарастырылған. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындаудың қазіргі жүйесінің
кемшіліктері зерделенген. Мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландыру саласындағы
мәселелерді шешу бойынша негізгі бағыттар ұсынылған.

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

Аннотация: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу
саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын
көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі,
жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар,
сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу
деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің
түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс
берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе
әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

Аннотация: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары,
сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін
қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал
ететін негізгі факторлар анықталған.

Баға жоғары оқу орнындағы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Аннотация: Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім беру қызметі нарығындағы баға белгілеу жоғары оқу
орнының жалпы бәсекелестік стратегиясының ажырамас элементі ретінде қарастырылған, сонымен
қатар Павлодар аймағының жоғары оқу орнында қолданылатын баға түрлендіру жүйесіне талдау
жүргізілген.

Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібіндегі «жасыл» экономика тұжырымдамасының аспектілері

Аннотация: Беріліп отырған мақалада Қазақстан Республикасының мұнай-химиялық кешені мысалында елдің
өнеркәсіптік салаларын дамытудың «жасыл» экономика принциптеріне сәйкестігін бағалау ұсынылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі «жасыл» аз көміртекті экономика құру қажеттілігінен туындаған.
«Жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асыру өнеркәсіптің бір қатар салаларын технологиялық
жаңарту үшін маңызды ынталандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының мұнай-химия
өнеркәсібіндегі «жасыл» экономика бығыттарын анықтау бойынша жұмыс атқарылған және
өнеркәсіптік өндірістің мұнай-химия саласында «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу бойынша
талдау жасалған.

Аудиторлық тәуекелдi бағалаудағы мәселелер және шешу жолдары

Аннотация: Осы мақалада аудиторлық тәуекелдің мәні, түрлері, оның компоненттерінің өзара байланысы
көрсетілген. компьютерлік ақпараттық жүйелердi тестiлеу кезiнде аудитор тапқан тәуекелдердiң
туындау себептері және тәуекелдердi шешу жолдары қарастырылған.

Халық санының өсуін статистикалық талдау

Аннотация: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны
өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық
мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи
қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде
саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық
санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Аннотация: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған.
Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары
көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам
дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары
ұсынылған.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17