Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

А.С. Нарынбаева

Журнал номері, №: 2015. № 2

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

Аннотация: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары,
сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін
қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал
ететін негізгі факторлар анықталған.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тиімді саясатты қалыптастыру

Аннотация: Мақалада шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайларындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрақтылық, тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру, импорттан тәуелсіздік, өз азық-түлік тауарларын өндіруді дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құру сияқты мемлекеттік мүдделерді қорғау стратегиясы қажет.

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Халықаралық бірлесу жағдайындағы аграрлық нарықтың дамуы

Аннотация: Бұл мақалада Кеден одағы жағдайындағы Қазақстанның аграрлық нарығының даму мəселелері
қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді тұрақты дамыту жетістігінің негізгі шарттары
мыналар болып табылады: агарарлық өндірісті ішкі қолдау, АӨК саласындағы халықаралық бірігуін
нығайту, инновациялық даму, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өткізу нарығын
əртараптандыру, қолайлы көлік бағытын жасау.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы

Аннотация: Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін анықтаудағы жаңа амалдар шығаруды талап етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көлемі өндіргіш күштерінің даму деңгейін сипаттайды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, капитализация дәрежесін анықтайды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың шетелдік тәжірибесі

Аннотация: Мақалада ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Авторлар Агроөнеркәсіп кешенінде болып жатқан инновациялық үрдістерді (биоресурстарды қолдануды) талдады және ауылшаруашылық саласындағы қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын анықтады.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманғы шарттарында агроөнеркәсіптік өндірісте инновациялық технологияларды қалыптастыру

Аннотация: Жұмыста Қазақстанның АӨК болып жатқан инновациялық үрдістердің талдауы жүргізілді және аграрлық өндірісті әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Инновациялық технологияларды қолдану халықты азық-түлікпен қаматамасыз ету, агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау бойынша АӨК әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешудің ең тиімді және іскерлік құралы болып табылады.

1