Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

А.С.

Журнал номері, №: 2016. № 1

Балаларға арналған телевизиялық өнімнің әлеуметтік жіктелуінің контент-талдауы («Балапан» телеарнасы материалдарында)

Аннотация: Жұмыста контент-анализ негізінде «Балапан» телеарнасы өнімінің әлеуметтік жіктелуінің зерттеуі ұсынылған. Гендерлік қатыстылығы, жас категориясы, білімі, қызығушылығы, ұлты, тұрғылықты орны бойынша жіктелуі қарастырылған. Берілген критерийлер контент жасауда ескеріледі және баланың әлеуметтік тобына байланысты телеарнада әр түрлі жастағы көрермендерге арналған өнім пайда болады.
Авторлар балалардың негізгі әлеуметтік топтарын көрсеткен және балаларға арналған телевизиялық контентті құрастыру кезінде қолданылатын стратегиялар мен әсер ету нысандары талдаған. «Балапан» балалар телеарнасы бағдарламаларының келесі кілтті қызметтік бағыттары анықталған: танымдық, оқытушылық және ойын-сауықтық. Авторлардың ойынша, ең алдымен балаларды телеэкрандағы ашық түсті аудиовизуальды сурет қызықтырады. Көрерменнің жасы ұлғайған сайын, оның телевизиялық өнімге деген түйсігі де саналы болып келеді.Әрбір жас ерекшеліктеріне (ерте мектепке дейінгі, ересек мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы, жасөспірімдік жастағы және ерте балғын жастағы) деген әсер ету стратегиялары мен нысандары балаларға арналған телевизиялық контенттің жасалуы кезінде ескеріледі.

БАҚ мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуі: мәселелері және оларды шешу жолдары

Аннотация: Мақалада БАҚ мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара әрекет ету механизмдері тиімділігінің сұрақтары қарастырылады. Осы саланың негізгі мәселелері болып табылады: бағаға бағытталған, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы масс- медиа ақпаратын орналастыру; мемлекеттік сатып алу және бақылау мәселелері, мемлекеттік сатып алу шарттарымен шарттасылған цензура мен өзін- өзі цензурасы шеңберінде БАҚ қызметтерінің орындау сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер жүйесінің жоқтығы. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізгеннен кейін басылымның өз-өзіне цензура жасау практикасының кеңейгені белгілі болды. Тұжырымында автор мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара әрекетіндегі проблемаларды шешу жолдарын ұсынады.

Жүкті әсіресе тиімді қолдау пренатальді кезеңде әйелдер

Аннотация: Мақалада тәжірибелік материалда жүкті кезіндеі психологиялық өзгерістер тәжірибесі талданып жазылған «жүктілік синдромы» кезінде көрінбейді. Жүктілінке қатысты синдром - бұл жаңа психогендік жағдайы, белгілі шектеулі уақыт кезеңіңің бала біту жүннен басталады, әйелдің өзінің жаңа жағдайын білугіне және босанумен бітпейді, өзінің баласының пигмализация кезеңімен.

Журнал номері, №: 2015. № 2

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

Аннотация: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу
саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын
көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі,
жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар,
сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу
деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің
түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс
берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе
әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

Аннотация: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары,
сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін
қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал
ететін негізгі факторлар анықталған.

Студент жастардың ана атануға саналы дайындығы

Аннотация: Берілген мақалада \"ана атану\" ұғымының түрлі анықтамалары, сондай-ақ адамның талаптар,
міндеттер, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарының тұтас кешенін қабылдауын білдіретін
студент жастардың ана атануға дайындалуының адамгершілік-психологиялық аспектілері
қарастырылған. Мұндай дайындық студент жастардың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін, ана
атанудың әлеуметтік абыройлығын арттыруға, студент жастардың ана атануға психологиялық
дайындығын көтеруге, терең, нақты білім алуға бағытталған. Студент жастардың ана атануға
саналы дайындығының деңгейі әйел адамның ана болуға әзірлену кезіндегі оң және теріс факторлардың
әсер етуінің жалпы нәтижесімен анықталады.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тиімді саясатты қалыптастыру

Аннотация: Мақалада шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайларындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрақтылық, тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру, импорттан тәуелсіздік, өз азық-түлік тауарларын өндіруді дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құру сияқты мемлекеттік мүдделерді қорғау стратегиясы қажет.

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Халықаралық бірлесу жағдайындағы аграрлық нарықтың дамуы

Аннотация: Бұл мақалада Кеден одағы жағдайындағы Қазақстанның аграрлық нарығының даму мəселелері
қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді тұрақты дамыту жетістігінің негізгі шарттары
мыналар болып табылады: агарарлық өндірісті ішкі қолдау, АӨК саласындағы халықаралық бірігуін
нығайту, инновациялық даму, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өткізу нарығын
əртараптандыру, қолайлы көлік бағытын жасау.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы

Аннотация: Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін анықтаудағы жаңа амалдар шығаруды талап етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көлемі өндіргіш күштерінің даму деңгейін сипаттайды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, капитализация дәрежесін анықтайды.

1 2