Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Г.К.

Журнал номері, №: 2017. № 1

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері

Аннотация: Мақалада балалардың танымдық әрекет ерекшеліктері қарастырылады. Танымдық қызметінің деңгейі, компоненттерін, түрлері, принциптері көрсетіледі.
Мақалада танымдық қызығушылық оқушының жеке сипаттамасының маңыздылығы, ажырамас таным ретіндегі оқушының оқуға эмоционалды қатынасы жайында сөз етіледі.

Журнал номері, №: 2016. № 1

Білім беру жетістіктерінің мониторинг жүйесіндегі жаңа тәсілдер

Аннотация: Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметінің сапалы қамтамасыз етудегі іс – әрекеттің жоспарлануы және қоғамды білім берудің жағдайы туралы ақпаратандыру үшін стандарттандырылған бағалау нәтижелері болуы қажет. Мақалада жоғары білім берудің заманауи кезеңіндегі бағалау жүйесі, білім беру жетістіктерінің мониторинг жүйесіндегі жаңа тәсілдер, тестілеу технологияларының ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар дәстүрлі бағалау жүйесі мен білім беруді жаңарту шеңберіндегі жүйе салыстырылған,студенттің жетістіктерін бағалаудағы мониторинг жүйесіне назар аударылған.

Стандарттарға сәйкес жаңа формациядағы медбикелер даярлау бойыншабілім беру үрдісі сапасын басқару (ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» КМК материалдарында)

Аннотация: Мақала қазіргі жағдайда оқу орындары өзінің білім беру жұмысының нәтижелеріне қосымша жауапкершілікте болатын білім беру үрдісінің сапасы мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға қабілетті медбикелер даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұлар халықаралық стандарттар мен замануи қоғам талаптарына сәйкес жаңа формациядағы медбикелер. Осы бағыт Павлодар медициналық колледжіндегі «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қаралды.

Журнал номері, №: 2015. № 2

«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары

Аннотация: Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды
пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу
ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген.
Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды
қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.;
агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ.
1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Жаңа үлгідегі қалақты араластырғыштың параметрлерін зерттеу және анықтау

Аннотация: Жұмыста жаңа типтегі араластырғыш аппараттың техникалық сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері баяндалған. Араластыру кезінде аппарат багында пайда болатын ағындардың геометриясы зерттелген. Араластырғышқа конструкциялық өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Қоғамдық игіліктерді ұсыну бойынша мемлекеттің қызметті талдау және бағалау

Аннотация: Бұл мақалада Қазақстан экономикасының қоғамдық секторының үйдегі шаруашылықтардың табысы мен шығындарын қалыптастыруға қатысу мәселелері қарастырылады. Авторлар ұлттық есепшот жүйесінің 93 әдістемесін пайдаланып, оның негізінде үйдегі шаруашылықтар секторы табысының серпіні мен көрсеткіштер құрылымын бағалайды.

Әлеуметтiк-экономикалық жүйедегi орта класты сәйкестендіру

Аннотация: Бұл мақалада қоғамның әлеуметтік-экономикалық топтарының идентификациясы табыстың ғана емес, шаруашылықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуымен де анықталады.

Қазақстан Республикасындағы микрокредиттік ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары

Аннотация: Осы мақалада микрокредиттеудің негізгі қағидалары қарастырылады. Қазақстан Республикасыңдағы микрокредиттік бағдарламардың негізгі критерийлері сипатталып, микроқаржыландырудың шетелдік нарығы қарастырылған.

1