Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

З.А. Арынова

Журнал номері, №: 2018. № 2

Қазақстандағы денсаулық сақтау секторын цифрландыру: негізгі кезеңдер, проблемалар және перспективалар

Аннотация: Мақалада Қазақстанда цифрлық медициналық көмек көрсетудің дамуы талқыланып, даму
қарқыны келешекте ақылды медицина қарқынды дамуын сенімділікпен болжауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі кезеңдері қарастырылған, ал қазіргі кезеңде оның даму
ерекшеліктері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі үрдістер бөлінді.

Журнал номері, №: 2017. № 1

Негізгі даму үрдістері нарығын қашықтықтан банктік қызмет көрсету: шетелдік тәжірибе

Аннотация: Мақалада қашықтықтан банк қызметтерін көрсету саласын дамыту мәселелері қарастырылған. Осы жүйені енгізіп, қолдау арқылы болашақта банк қызметтері секторын дамыта отырып, банк сатылымдарының әдеттегідей арналарын қашықтықтан ұйымдастырылатындарға ауыстыру мүмкіндігі туындайды. Авторлар жалпы қашықтықтан банк қызметтерін көрсету ұғымының мән-мағынасын ашып, тарату арналарына қатысты оның негізгі түрлерін анықтаған. Шет елдерінде кеңінен тараған қашықтықтан банк қызметтері нарығының бағалауы жасалып, осы саланы дамытуда орын алатын ерекше үдерістері мен проблемаларын сипаттайтын негізгі тенденциялары белгіленген.

Журнал номері, №: 2016. № 2

Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шаралары

Аннотация: Мақалада, еліміздің тұрақтылығын дамытуға мақсатталған Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Көптеген моноқалаларындың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымсыз тенденциялары орын алып жатқасын тақырып өзекті болып табылады. Авторлар «моноқала» ұғымының түсініктемесін дәлелдей отырып, олардың топтастырмасын шығарған және сипаттамасын қарастырған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қарастырып бекіткен моноқалаларын дамыту бағдарламасы және мұндағы негізгі ұғымдар мен элементтер қарастырылған. Моноқалаларын экономикаға диверсификациялау құралдары, оларды моноқаллардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатында қолдануы қарастырылған.

Журнал номері, №: 2015. № 2

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері
қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің
төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын
басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық
дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Аннотация: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған.
Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары
көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам
дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары
ұсынылған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Шығындарды есептеудің теориялық аспектісі

Аннотация: Мақалада экономикалық шығындарды есептеудің теориялық мәселелері қарастырылып, оның құрамы мен топтастырылуына, құқықтық реттелуіне, сондай-ақ, кәсіпорын шығындарының есеп әдістемесіне талдау жасалынған.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттары мен өлшемдері

Аннотация: Айтылмыш жұмыста аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өлшемдері мен мақсаттары зерделенген. Жұмыста ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар және оларға елдің экономикалық дамуының сәйкес келетін өлшемдері көрсетілген.

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманғы шарттарында агроөнеркәсіптік өндірісте инновациялық технологияларды қалыптастыру

Аннотация: Жұмыста Қазақстанның АӨК болып жатқан инновациялық үрдістердің талдауы жүргізілді және аграрлық өндірісті әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Инновациялық технологияларды қолдану халықты азық-түлікпен қаматамасыз ету, агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау бойынша АӨК әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешудің ең тиімді және іскерлік құралы болып табылады.

1