Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Р.

Журнал номері, №: 2015. № 2

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

Аннотация: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары,
сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін
қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал
ететін негізгі факторлар анықталған.

Ана болуға психологиялық дайындалудың өзекті мәселелері

Аннотация: Бұл мақала ана болуға психологиялық дайындалудың кейбір проблемалары туралы материалды
қамтиды. Мақалада ана болуға психологиялық дайындықты, ана болуға қажетті-уәждемелік
дайындықты, ана болуға құндылықты-мағыналық дайындықты анықтауға мүмкіндік беретін негізгі
факторлар бөлініп шығарылған

Журнал номері, №: 2014. № 4

Диаспоралардың маңызы мен олардың қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерге ықпалы

Аннотация: Ұсынылған мақалада диаспоралардың қалыптасуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар диаспоралардың қазіргі әлемдегі алатын орны мен мәні, олардың ұлттық-аумақтық және мемлекеттік ықпалы қарастырылады.

Ригидтілік интернет-тәуелділіктің элементі ретінде

Аннотация: Мақала интернет-тәуелділіктің теориялық аспектілеріне, сонымен қатар студент жастарға интернет-тәуелділіктің әсерін талдауға және ригидтілікті зерделеуге арналған. Мақалада интернет-тәуелділіктің түрлері зерделенген, оның туындауының негізгі белгілері аталған. Студенттерде интернет-тәуелділікті анықтау үшін зерттеу жүргізлді, сонымен қатар осы тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесі берілді.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Публицистикалық мəтіндегі автор бейнесі

Аннотация: Берілген мақалада автор бейнесінің категориялары қазіргі публицистикалық мəтіндегі аймақтық
пресса материалында автордың өз ойын жеткізуінің түрлі тəсілдері сипатталған. авторлық «Мен»
публицистикалық мəтінінде негізгі жəне факультативтік механизмдердің қалыптасуының
құрылымына баса көңіл аударылады

Ағылшын лингвомəдениетіндегі ұлттық жəне трансұлттық прецеденттік феномендер

Аннотация: Берілген мақалада ағылшын лингвомəдениетінің құндылығын белгілейтін прецеденттік феномені
қарастырылған. Ағылшын лингвомəдениеті кеңістігінің прецеденттік феномендерін зерттеу
барысында ұлттық жəне трансұлттық прецеденттік феномендер анықталды. Антикалық
мифологияға, діндер, топонимдер, мəдени өмірге, əдеби шығармалар, басқа да өнер түрлерінің
шығармалары, тарих жəне саясатқа негізделген трансұлттық прецеденттік феномендерге баса көңіл
аударылады.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы

Аннотация: Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін анықтаудағы жаңа амалдар шығаруды талап етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көлемі өндіргіш күштерінің даму деңгейін сипаттайды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, капитализация дәрежесін анықтайды.

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаға бағыттап оқыту қағидасын іске асыру ретінде

Аннотация: Мақалада мектептегі білімде қолданылатын негізгі құзыреттер қарастырылған, негізгі құзыреттердің авторлық жіктелімі ұсынылған. Авторлар ынта – тапсырма тұжырымы – ақпарат көзі – есеп түрі сияқты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құырылымын талдаған, орыс тілі бойынша дәстүрлі тапсырмаларды құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларға өзгерту практикалық мысалдармен көрсетілген.

Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру әдістері

Аннотация: Осы мақалада тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру және пенопластты бензинде еріту негізінде пластикалық массалар алу әдістері қарастырылған.

Екі айнымалысы бар симметриялы көпмүшелер

Аннотация: Мақалада екі айнымалыдан симметриялы көпмүшелерді шешу әдісі қарастырылған. Бұл
мақалада осы үлгідегі бірнеше есеп талданған. Олардың арасында математикалық олимпиадаларда
ұсынылған қиын есептер де бар.

1 2