Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Жаратылыстану ғылымдары

Журнал номері, №: 2015. № 2

Интегро-дифференциалды теңдеуді шешу әдістері

Аннотация: Бұл мақала [a,b] кесіндісіндегі y(x) - ізделетін функция, K(x, t) и f(x) - белгілі функцияларымен
берілген интегро-дифференциалды теңдеуді шығарушыларға арналған. Теңдеуді шығару үшін осы
мақалада алдымен анықтамалар мен теориялар танысуға ұсынылады. Одан кейін интегро-
дифференциалды теңдеуді шешу әдістері мен бірнеше есептердің шығару жолдары қарастырылады

Бір мағыналы емес сызбамен геометриялық есептерді шығару туралы

Аннотация: Мақалада мектеп курсындағы геометрия пәні бойынша бастапқы мәліметтерге сәйкес сызбаның
бір мағыналы емес болып салынатын «тірі» сызбасы бар есепті шешудің дәстүрлі емес тәсілі
көрсетілген. Сол типтегі бірнеше есептер ұсынылып, осы есептердің әр сызбасын құруға әртүрлі
тәсілдер келтірілген және оларды шешу жолдарына қысқаша нұсқаулар берілген. Николас Жакив пен
Скотт Стекит құрастырған «The Geometer's Sketchpad» (орысша нұсқасы - «Тірі геометрия»)
бағдарламасы бойынша геометрияның бұл есептердің түсіндірілуін қолдануы мұғалімдер мен
оқушылардың қызығушылықтарын ояту қажет.

Табиғи балдың микробқа қарсы әсер етуі

Аннотация: Ұсынылып отырған мақала емдік-алдын алу қасиеттерін анықтау мақсатында грамм оң
бактерияларға табиғи балдың микробқа қарсы әсер етуі туралы өзекті мәселелер бағытында
жазылған. Бұл жағдайлар балдың негізінде сапасы жоғары дәрілік препараттар жасаудың ғылыми-
техникалық міндеттерін шешудің медициналық-әлеуметтік мәні мен маңыздылығын, сонымен қатар
балды көптеген ауруларды емдеу кезінде алдын алу және дәрілік құрал ретінде ғана емес, сондай-ақ
емдік косметикада қолдануды нұсқайды.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Қазақстан тауларын зерттеген көрнекті неміс зерттеушілері

Аннотация: Авторлар Қазақстан жəне Ресейдің тау жүйелерін зерттеген неміс ғалымдарының қызметін
қарастырды. Жұмыста П.С. Паллас жəне Г.Мерцбахердің ғылыми өмірбаяны ұсынылған.

Балаларда жанама əсер туғызатын гельминттерге қарсы препараттар

Аннотация: Қазіргі уақытта энтеробиоздың клиникалық көрінісі айтарлықтай толық зерделенген, алайда
соңғы онжылдықтағы жаһандық экологиялық өзгерістер, гельминттерге қарсы дəрілік заттарды
кеңінен қолдану жəне бірқатар өзге факторлар осы паразиттік инвазиялардың клиникалық бейнесін
өзгертті. Бүгінгі таңда балалардағы паразиттік инвазияларды емдеу мəселесі де толық шешілмеген.
Паразиттерге қарсы препараттардың кең спектріне қарамастан, олардың барлығының толып
жатқан жанама əсерлері бар, одан бөлек паразиттерге қарсы препараттарға көптеген паразиттердің
төзімділігінің даму тенденциясы байқалады.
Осыған байланысты, уақытылы емдеуді жанама əсерлері барынша аз жəне балалардағы
паразиттік инвазияларға қатысты тиімділігі жоғары əдістермен жүргізу мақсатында ішекқұрттық-
паразиттік инвазияларды ерте, сапалы, ақпараттық-өзіндік анықтаудың əдістерін іздеу өзекті болып
қала бермек.

Балалардағы энтеробиоз диагностикасының заманауи əдістері

Аннотация: Мақалада ресейлік медик-микробиологтар Ю.А. Копанев пен В.Н. Одинцова еңбектерінде
балалардағы энтеробиоз диагностикасының заманауи əдістерін ғылыми зерттеулерінің қысқаша
талдауы берілген. Ерте сатыларда балалардағы энтеробиозды, сонымен қатар жасырын жəне
диагностикалануы қиын гельминтоздарды анықтаудың ең сапалы-ақпараттық жəне ұтымды
əдістеріне ерекше көңіл бөлінеді. Ғылыми зерттеулер талдауының негізінде энтеробиозбен ауыратын
балалардың қазіргі симптоматикасы, патология диагностикасы мен ауруды емдеу құралдарының
тиімді əдістемесі анықталады.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Екі айнымалысы бар симметриялы көпмүшелер

Аннотация: Мақалада екі айнымалыдан симметриялы көпмүшелерді шешу әдісі қарастырылған. Бұл
мақалада осы үлгідегі бірнеше есеп талданған. Олардың арасында математикалық олимпиадаларда
ұсынылған қиын есептер де бар.

Нахчван автономды республикасы бауырмен жорғалаушыларының (Reptilia) сирек түрлері

Аннотация: Жеке материалдар мен әдеби мәліметтерді талдау негізінде автономды республика аумағындағы бауырмен жорғалаушылардың 9 шағын түрінің мекені анықталды. Табылған түрлердің біреуі тасбақалар (Testudines) тобына, 3-еуі кесірткелер (Sauria) тобына және 5-еуі (Serpentes) тобына жатады. Мақалада бұл түрлердің жіктелімі, экологиялық және кейбір биологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеулер жүргізген жылдарымызда жоғарыда аталған Psammophis lineolatus кездеспеген еді, тіпті оның Нахчыван АР аумағында тіршілік етуінің өзі біз үшін күмәнді.

Химиялық технология есептерін модельдеу

Аннотация: Осы жұмыста дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын химиялық технология есептерін
шығарудың математикалық әдістері қарастырылған. Аналитикалық та, сандық та тәсіл арқылы
бірқатар тәжірибелік есептердің шешімдері табылды.

Нахчван автономды республикасында таралған ASPLENIACEAE NEWM. және PTERIDACEAE REICHENB. тұқымдастарының құрамына кіретін түрлер

Аннотация: Мақалада Нахчыванск АР аумағында папоротниктің кейбір түрлерінің таралуы туралы мәлімет беріледі. Флора аумағында 4 тұқымдас пен 7 тұқымда папоротник бөліміне кіретін өсімдіктердің 10 түрі жинақталатындығы атап өтілді. Бұл бөлімнің тұқымдасынд а Aspleniaceae Newm. екі тұқымда, ал Pteridaceae Reichenb 4 түрде кездестіруге болады. Бір тұқымда екі түр. Мақалада бұл түрлердің маралу аумағы мен маңызы туралы мәлімет беріледі.

1 2