Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Қоғамдық ғылымдар

Журнал номері, №: 2015. № 2

Халық санының өсуін статистикалық талдау

Аннотация: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны
өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық
мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи
қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде
саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық
санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Аннотация: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған.
Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары
көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам
дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары
ұсынылған.

«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық БАҚ-тың өзгешеліктері

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық баспасөздің теориялық және практикалық аспектілері,
жеткіншектерге арналған БАҚ-тың ерекшеліктері, баспа БАҚ атқаратын қызметтер, сонымен қатар
«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында аймақтық жастар бұқаралық ақпарат
құралдарын қарқында дамыту қарастырылған.

Америка Құрама Штаттарындағы мектепке дейінгі білім берудің бағасы, қолжетімділігі және дамыту перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын түсіндіруге және оның баланың
қалыптасуына қалай әсер ететінін қарастыруға әрекет жасалады. Америка Құрама Штаттарының әр
түрлі аймақтарында балаларды бағып күтудің құны туралы мәліметтер келтіріледі, аз қамтылған,
кішкентай балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету қажеттілігі көрсетіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға бейресми қатынастардың ықпалы

Аннотация: Мақалада бейресми қатынастардың туындау проблемасы, олардың кәсіпорындар мен
ұйымдардың қызметін басқаруға ықпалы қарастырылады. Бейресми қатынастар немен реттеледі,
сондай-ақ өтпелі кезеңнің қазіргі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын
уақытылы бейнелейтін бейресми тәжірибелердің пайда болуы зерттелген.

Автор: Н.Б. Рудица

Журнал номері, №: 2014. № 4

Павлодар қаласы тұрғындарының этникааралық интеграциясы және этникаішілік консолидациясын әлеуметтік зерттеу нәтижелері

Аннотация: Этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімді сақтау бойынша қала тұрғындарының этникааралық қатынастарды бағалауын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың қызметін бағалауды анықтау мақсатында 2014 жылғы маусымда әлеуметтік пікіртерім жүргізілді. мақалада Павлодар қ. тұрғындарының этникааралық интеграциясы мен этникаішілік консолидациясын зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Диаспоралардың маңызы мен олардың қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерге ықпалы

Аннотация: Ұсынылған мақалада диаспоралардың қалыптасуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар диаспоралардың қазіргі әлемдегі алатын орны мен мәні, олардың ұлттық-аумақтық және мемлекеттік ықпалы қарастырылады.

Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік мәселелері: әлеуметтік өлшем

Аннотация: Бұл мақалада Тюмень облысында тұрып жатқан 1200 респонденттің сауалнамалық пікіртерімі, сонымен қатар сарапшылар жауаптарының негізінде аймағымызға Орта Азия елдерінен келген мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің қосалқы талдамасының қорытындысы ұсынылған. Шетел азаматтарының келуі мен кету үрдісін, шет елден қоныс аударғандардың қылмыс деңгейін сипаттайтын статистикалық деректер талданады. Қоғамдық пікіріді білу нәтижелері еңбек көші-қоны саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға
қатысты қоғамдық пікір статистикасына қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Сегізінші буынның синдромы: Жошы Улысы

Аннотация: Бұл мақалада Евразия көшпенді мемлекеттерінің ерекшеліктері қарастырылған. Авторлардың
пайымдауы бойынша көшпенді мемлекетте кез келген хан əулетінің басы,дамуы жəне соңы болады..
Əулеттің соңы сегізінші буыннан басталады.

Кəсіпорында келіспеушілілті тəртіптің сындарлы стратегиясының құрылымы

Аннотация: Мақала М. Дойча шатағы түрлері құрылымдарын, шатақтың даму кезеңдердін қарастырады.
Бұл келіспеушіліктің адам тіршілігінің өмір сүруіне əсер етуі серпімділігі көрсетілген. Теориялық
материялдың зерттеу нəтижесінде кəсіпорынның қызметінің тиімділігі үшін барлық қызметкерлеінің
жақсы. Əлеуметтік ө психологиялық ахуалы жəне психологиялық қауіпсіздігі маңызды болып
табылады.

1 2 3