Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Қоғамдық ғылымдар

Журнал номері, №: 2016. № 4

Мәміленің жарамсыз болу шарттары

Аннотация: Бұл мақалада заңмен бекітілген мәміле жарамсыздығының шарттары мен салдарлары қарастырылған.

Екібастуз қаласының төтенше жағдайлар динамикасын бағалау

Аннотация: Бұл жұмыста Екібастұз қаласы мен оның ауылды жерлердің төтенше жағдай динамикасына талдау жасалды. Табиғи және техногенді төтенше жағдай шығу негізгі себептері көрсетілген. Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар Басқармасының бес жыл кезеңіндегі тәжірибесіне негізделген талдау жасалды. Төтенше жағдайлардан материалдың залал көптеген миллионға жетеді. Төтенше жағдайды болдырмау және алдын алу үшін, ескерту шаралары ұсынылған.

Павлодар облысы ауылдық округтер әкімдерін оқытудағы құзыреттілік тәсіл

Аннотация: Мақалада Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының материалдарында құзыреттілік тәсіл базасында ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлауды ұйымдастыру қарастырылады.

Павлодар қаласының төтенше жағдайлар динамикасын бағалау

Аннотация: Бұл жұмыста төтенше жағдайлар санын азайтуға бағыталған және Павлодар қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты кешенді ескерту шараларына талдау жасалды. Табиги және техногенді төтенше жағдай шығу негізгі себептері көрсетілген. Бұл жұмыста бес жыл кезеңіндегі статистикалық мәліметтер қолданылған. Алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдайға мемлекеттік есеп жүргізіледі. Павлодар қаласының аумағында табиғи және техногендік жағдайларын алдын алу үшін, аумақтық Азаматтық қорғаныс құрылымдары, нысанды құрылымдар мен жедел жасақтар, арнайы апаттық–құтқару құрылымдары ұйымдастырылған.

Қазақстан республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат

Аннотация: Мақалада дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқарудың ең маңызды қағидаттары қарастырылған. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі аспектілеріне талдау жүргізілген.

Журнал номері, №: 2016. № 3

Нақты тарихаят диалектикалық қағида ретінде

Аннотация: Бұл мақалада нақты тарихаяттың табиғаты философиялық диалектикалық қағида ретінде ашылып көрсетілген.

Қазақстанның саяси элитасының қазақстандық қоғамда ынтымақтың және толеранттықтың кепіліндегі басты рөлі

Аннотация: Бұл мақалада Қазақстанның саяси элитасының қазақстандық қоғамда ынтымақтың және толеранттықтың басты рөлі қарастырылады. Қазақстанның саяси элитасы саяси пирамиданың даму жүйесінде стратификация тұрің және құрылымың бақарады.

Журнал номері, №: 2016. № 2

Коммерциялық телевизиялық жарнаманың қалыптасуы әлем үлгісінің құрылымы («Еуразия» Бірінші арнасы» материалында)

Аннотация: Мақалада телевизиялық коммерциялық жарнама арқылы қалыптасаын әлемнің кеңістіктік-уақыттық және субъектті-объектті сипаттарының үлгісін сипаттау арқылы жарнама үлгісінің талдауы ұсынылған. Жарнамалық үлгіні сипаттау үшін автор «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасында көрсетілетін коммерциялық жарнама роликтерінің контент-талдауы келтірілген.
Автордың ойынша ой-санаға белгілі бір құндылықтарды еңгізе отырып, жарнама белгілі бір өмір кейпін насихаттайды. Авторлар жарнаманы бұқаралық ақыл-есті жаулап алу механизмінің талдауы келтірілген. Жұмыста құндылықтарды жаулап алу, «рухани» жаулап алу – адам бойында белгілі бір идеалдар мен құндылықтарды қалыптастыру; зияткерлік жаулап алу; сезім арқылы жаулап алу т.б. талдаулары ұсынылған.

Павлодар қ. көліктік инфрақұрылымның заманауи жағдайы

Аннотация: Қалалық көліктік инфрақұрылым қаланың жоспарлы құрылымында логикалық жалғасы бола
тұражәне керісінше сыртқы көліктік коммуникациялармен тығыз байланысты. Замануи қаланың
көліктік кешеніне: ішкі көліктік қатынастар, сыртқы көліктік қатынастар, жүк тасымалы көліктері,
арнайы көліктер, сонымен қатар оның құрылымдығын қамтамасыз ететін түрлі қызметтер мен
бөлімшелер кіреді. Адамның қалада жайлы жағдайда өмір сүруінің ең маңызды шарттарының бірі
дамыған көліктік инфрақүрылымның болуы табылады. Қаланың көшелі-жол желісі көшелер мен
жолдардың қызметтік тіркелуі, көліктік және жаяу жүру қозғалысының интенсивтілігі, аймақтың сәулеттік-жоспарлы ұйымы мен құрылыс сипаты аясында жоспарланған. Жергілікті билік органдары
қаланың көліктік жүйесін жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмысын жүргізіп келеді.

Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шаралары

Аннотация: Мақалада, еліміздің тұрақтылығын дамытуға мақсатталған Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Көптеген моноқалаларындың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымсыз тенденциялары орын алып жатқасын тақырып өзекті болып табылады. Авторлар «моноқала» ұғымының түсініктемесін дәлелдей отырып, олардың топтастырмасын шығарған және сипаттамасын қарастырған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қарастырып бекіткен моноқалаларын дамыту бағдарламасы және мұндағы негізгі ұғымдар мен элементтер қарастырылған. Моноқалаларын экономикаға диверсификациялау құралдары, оларды моноқаллардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатында қолдануы қарастырылған.

1 2 3 4 5 6