Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

аймақ

Журнал номері, №: 2015. № 2

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері
қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің
төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын
басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық
дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

Аннотация: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары,
сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін
қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және
агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал
ететін негізгі факторлар анықталған.

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Аннотация: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған.
Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары
көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам
дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары
ұсынылған.

«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық БАҚ-тың өзгешеліктері

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық баспасөздің теориялық және практикалық аспектілері,
жеткіншектерге арналған БАҚ-тың ерекшеліктері, баспа БАҚ атқаратын қызметтер, сонымен қатар
«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында аймақтық жастар бұқаралық ақпарат
құралдарын қарқында дамыту қарастырылған.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Еуразиялық экономикалық одақтың өнімі мен байлығының ұдайы өндірістік моделі

Аннотация: Бұл жұмыста өндірісте және экономиканың өзге салаларында қолданылатын салаларалық баланстың өнімді өндіру мен оны үлестірудің (аймақта өндірілген және әкелінген өнім ағысын бөлу) матрицасы мен нақты және қаржы активтер матрицасы біріктірілген аймақтың байлығы мен өнімін ұдайы өндірудің жалпы моделі келтірілген.

Журнал номері, №: 2014. № 3

Павлодардың облысының экономикалық дамуы. Өзгешелік жəне үрдістер

Аннотация: Павлодардың облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткішінің
салыстырмалы анализы айтылмыш.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы

Аннотация: Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін анықтаудағы жаңа амалдар шығаруды талап етеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің көлемі өндіргіш күштерінің даму деңгейін сипаттайды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, капитализация дәрежесін анықтайды.

Тюмень облысы ақпараттық инфрақұрылымының қызмет ету факторлары мен жағдайлары

Аннотация: Мақалада Тюмень ауданының мысалында ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың ынталандыру және тұрақтандыру факторларының талдауы ұсынылған, сонымен қатар дамыту жағдайлары сипатталған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттары мен өлшемдері

Аннотация: Айтылмыш жұмыста аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өлшемдері мен мақсаттары зерделенген. Жұмыста ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар және оларға елдің экономикалық дамуының сәйкес келетін өлшемдері көрсетілген.

Ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің аймақтық саясаты

Аннотация: Мақалада ауылдық аймақтарды тұрақты дамытуға көшу аймақты тұрақты дамытумен басқару механизмін енгізуді, азаматтық қоғамның бизнес-үрдістері мен институттарын, атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару үлгілерін жетілдіруді білдіретіндігі баяндалған.

1