Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

жылу

Журнал номері, №: 2015. № 2

Жылу энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдалану және жөндеу сенімділігін қамтамасыз ету

Аннотация: Бұл мақалада «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС материалдарында жылу энергетикалық құрал-
жабдықтарды пайдалану мен жөндеу сенімділігін қамтамасыз етудің теориялық аспектілері
қарастырылған. Қаржылық шығындардың негізгі себептері айқындалған және осы шығындармен
күресу құралының тиімділігіне баға берілген. Құрал-жабдықтың виброжағдайының мониторингінің
әдістемелік негіздері ұсынылған және қарастырылған.

Түрлі параметрлердің кейбір жылу өткізбейтін материалдардың жылу өткізгіштігіне әсері

Аннотация: Мақалада процестін негізгі факторлардың жылу оқшаулағыш материалдардың жылу
өткізгіштігіне әсерін талдау нәтижелері келтірілген. Негізгі факторлар ретінде тығыздық,
температура және ылғалдылық қарастырылған. Зерттеулер тәжірибені жоспарлау теориясы негізінде
өткізілген. Материалдың тығыздығы мен температурасына жылуөткізгіштіктің алынған
тәуелділіктері осы факторлардың эксперимент нәтижесіне шамамен бірдей әсер ететінін көрсетті.

«Қазхром» ТҰК Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндіру кезінде энергия үнемдеуді арттыру жолдары

Аннотация: Бұл мақалада шығындарды үнемдеу үшін ферроқорытпа өндірісінің қалдықтарын ұтымды
пайдалану мәселелері қарастырылған, агломерат өндірісінің энергия тиімділігі есептелген, Ақсу
ферроқорытпа зауыты материалдарында күйдірудің жылулық теңгерімінің мәліметтері келтірілген.
Жылдық экономикалық эффект есептеулеріне сәйкес төмендегідей нәтижелер алынды: аглогаздарды
қайта циркуляциялау есебінен отынды үйнемдеу 1334,5 т.у.т.; СО жағып бітіру есебінен – 1491 т.у.т.;
агренатта тирристорлық түрлендіргіштерді орнату арқылы электр энергиясын жылдық үнемдеу сағ.
1714 мың кВт·құрады. Осылайша, қатты және газ тәрізді қалдықтарды қайта өңдеу кезінде энергия үнемдеу шараларынан бөлек агломератты пайдалану да АФЗ электрпештерінің өнімділігін көтеретіндігі, электр энергиясының үлес шығыны мен қалпына келтіргіш шығынын, ендеше, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендететіндігі анықталды.

Турбина конденсаторы суының жылуын пайдаға асыру әдісі

Аннотация: Энергия үнемдеу бағыттарының бірі жылулық сорғыларды қолдану болып табылады, олардың
көмегімен төменәлеуетті тасталған жылуды пайдалану мүмкін болады. Мақалада жылу эдектр
станцияларында жылулық сорғыларды қолдану мүмкіндігі қарастыралған. Жылулық сорғыны орнату
арқылы төменәлеуетті тасталған жылуды ЖЭС-та қолдану сұлбасы берілген.

Топырақтың қатуы туралы есептердегі интегралды түрлендіру әдісі

Аннотация: Денелерді қыздыру және суыту процесі интегралды түрлендіру әдісі арқылы зерттеледі.
Теориялық есептеулер нәтижесінде қоршаған орта температурасына байланысты топырақтың
қатып қалу режимі белгілі болды. Лапластың түрленуі құрылыстағы бетон плотиналарының, құрылыс
алаңдарының температуралық өрісін анықтау барысында тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Журнал номері, №: 2014. № 1

ЖЭС су дайындаудың жаңа технологияларын енгізу

Аннотация: Бұл мақалада су дайындаудың қолданыстағы технологияларына талдау берілген және ЖЭС-та кері осмосты енгізу тиімділігінің аспектілері қарастырылған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Жылу энергетикада жылу қондырғыларды айналдыра қалауға арналған заманауи жылу оқшаулағыш материалдар

Аннотация: Мақалада энергетикалық қазандардың қаптамасы үшiн қазіргі қолданылатын жылу өткізбейтін материалдардың талдауы және олардың жана түрлерінің қолдануын тәжiрибе келтiрiлген.

1