Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

ойын

Журнал номері, №: 2015. № 3

Арнайы балабақшада тәрбиеленетін балаларды әлеуметтендіру барысы

Аннотация: Бұл мақалада арнайы балабақшадағы балалардың әлеуметтену үрдісінің теоретикалық аспектілері қарастылырып, зерттеу нәтижесінің эффективлігі анықталды. Дамуында тежеуі бар балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстар жүргізілді. Педагогикалық-психологиялық жұмыстар барысы диагностика және түзету бөлімдерінен тұрады. Диагностикасы барысында, «жастық – жыныстық өзін – өзі теңестіру», «ерік – жігерін» анықтау», «графикалық суреттегі көрсетілген эмоцияны көрсету» әдістемесі жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. Көрсетілген нәтижелер бойынша, арнайы педагогикалық – психологиялық түзету жұмыстары жүргізіліп, оқу жылының ортасында дамуында тежеуі бар балалардың әлеуметтену үрдісі жоғарылады.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Театрландырылған әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту

Аннотация: Бұл мақалада авторлар ана тілінің сөздік құрамын тиімді меңгертуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық қызмет ретінде түсінетін театрландыру арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың теориялық аспектілері қарастырылған. Театрлық – ойын әрекетін құрастырушы ойындардың жіктелім қатары талданады. Театрландырылған әрекетті мектеп жасына дейінгі баламен жұмыстың әр түрлі бағыттарында ұйымдастыруға болатынын атай отырып, авторлар осы бағыттардың міндеттерін ашады.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Жас спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар

Аннотация: Мақалада спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамытудың алғышарттары мен түрлері қарастырылған. Авторлар спортшылардың жас ерекшелігіне сүйене отырып, тактикалық ойлаумен жұмыс түрлеріне назар аударады.

1