Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

са

Журнал номері, №: 2015. № 2

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде

Аннотация: Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері
қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің
төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын
басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық
дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

Аннотация: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу
саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын
көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі,
жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар,
сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу
деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің
түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс
берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе
әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

Баға жоғары оқу орнындағы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Аннотация: Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім беру қызметі нарығындағы баға белгілеу жоғары оқу
орнының жалпы бәсекелестік стратегиясының ажырамас элементі ретінде қарастырылған, сонымен
қатар Павлодар аймағының жоғары оқу орнында қолданылатын баға түрлендіру жүйесіне талдау
жүргізілген.

Халық санының өсуін статистикалық талдау

Аннотация: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны
өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық
мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи
қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде
саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық
санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Аннотация: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған.
Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары
көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам
дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары
ұсынылған.

Америка Құрама Штаттарындағы мектепке дейінгі білім берудің бағасы, қолжетімділігі және дамыту перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын түсіндіруге және оның баланың
қалыптасуына қалай әсер ететінін қарастыруға әрекет жасалады. Америка Құрама Штаттарының әр
түрлі аймақтарында балаларды бағып күтудің құны туралы мәліметтер келтіріледі, аз қамтылған,
кішкентай балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету қажеттілігі көрсетіледі.

Оқытудағы ынтымақтастық – табысты сабаққа жеткізер жол

Аннотация: Мақалада мұғалімнің оқушылармен және білім алушылардың бір-бірімен серіктестігін
ұйғаратын шетел тілін табысты оқытудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Автор оқу
процесінің тиімділігі мұғалімнің оқытудың түрлі нысандарын пайдаланып, ынтымақтастықты
ұйымдастыру және студенттерді белсенділендіру қабілетіне байланысты екенін атап өтеді.

Автор: И.Ф. Бород

Білім беру үдерісіне құзыреттілікті қалыптастыру тәсілін енгізу

Аннотация: Мақалада оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында құзыреттілікке баулу тәсілін қолдану
мәселесі қарастырылған. Басым назар оқытудағы құзыреттілік тәсілдеріне аударылады. Сонымен
қатар тұлғаны дамытуға бағытталған оқытудың мән-мағынасы ашылады. Ашылған тақырып
шеңберінде бірқатар теориялық зерттеулер қолданылған. Білім беру процесін әлеуметтендірудің
қажет екені туралы тезис расталады

Журнал номері, №: 2014. № 4

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың өнімі мен байлығының ұдайы өндірістік моделі

Аннотация: Бұл жұмыста өндірісте және экономиканың өзге салаларында қолданылатын салаларалық баланстың өнімді өндіру мен оны үлестірудің (аймақта өндірілген және әкелінген өнім ағысын бөлу) матрицасы мен нақты және қаржы активтер матрицасы біріктірілген аймақтың байлығы мен өнімін ұдайы өндірудің жалпы моделі келтірілген.

1 2 3 4