Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

халықтың

Журнал номері, №: 2015. № 2

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

Аннотация: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу
саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын
көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі,
жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар,
сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу
деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің
түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс
берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе
әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

Халық санының өсуін статистикалық талдау

Аннотация: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны
өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық
мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи
қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде
саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық
санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Қазақстан Республикасында жастар саясатының даму үрдiсi

Аннотация: Осы мақалада Қазақстан Республикасының жастар саясатының даму үрдісі, дамыту бойынша жұмыстарды тиімді жүргізуді бағалаудың теориялық аспектілері, сонымен қатар аймақтағы жастар саясатының қазіргі ахуалын талдауы қарастырылған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Қазақстан Республикасының Павлодар облысының алюминийлік кластері ең перспективті полюс ретінде

Аннотация: Нарықтық механизмдердің өнімді қызмет етуі мемлекет пен меншік құқығын, келісім-шарттардың сақталуын, инновация саласында заңнамалық базаның жетілдірілуін, қолайлы қаржылық-экономикалық жағдайлардың қамтамасыз етілуін, инновациялық инфрақұрылымның дамуы үшін инвестициялардың тартылуын қамтамасыз етудегі қажет жағдайларды жасауды талап етеді. Сонымен қатар нарықтық механизмдердің ісімен мемлекеттік реттеудің тепе-теңдігін байланыстыру, сонымен қоса инновациялық қызметті қолдаудың тікелей және жанама әдістері үлкен маңызға ие болады.

Қазақстанда халықтың күнкөрісі төмен жіктерін әлеуметтік қорғау және оны жетілдіру жолдары

Аннотация: Бұл мақалада әлеуметтік саясат сипатталған, оның міңездемесі берілген, мемлекеттің әлеуметтік қолдауына талдау жүргізілген және негізгі мәселелері мен әлеуметтік қамтылмаған халықтың бөлігін әлеуметтік қолдауды жетілдіру жолдары берілген.

1