Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

қоғам

Журнал номері, №: 2016. № 3

Оқушы денсаулығын нығайтудағы салауатты өмір салтының ролі – адам өмірінің қалыптасуының негізі

Аннотация: Бұл мақаланың мақсаты дамның негізгі өмірінің қалыптасуы – оқушының денсаулығын нығайтудағы салауатты өмір салтының ролі туралы. Салауатты өмір салтының қалыптастырудың өзекті мәселесі бір сөзбен айтқанда, денсаулық-адамның бірден бір маңызды баға жетпес құндылықтарының бірі, сәттілік пен көп жасаудың кепілі. Заманның талабына сай, адам өмірінің жалғастығын өткенмен казірді салыстыру арқылы, баланы жастан денсаулықтың маңыздылығын, адам өміріндегі ең басты құндылық екенін, денсаулығын сақтаудың маңыздылығын түсідіре отырып тәрбиелеу керек. Әр адамның денсаулығын сақтау мақсатты бағыттауда және ұдайы жұмыста талап етіледі. Ол үшін ең қажетті бір нәрсені түсіндіру керек: Денсаулық әркімнің өзіне ғана қажет, сондықтан оны қорғау әркімнің өз қолында. Егер әрқашан денісау болу үшін, ең қажеттілерді есте сақтау, үнемі мақсатты бағытталған жағдай жасау және аз емес. Әрісті ұйымдастыруда жүйелі, жалпы мәдени біздің жұмысымызды және демалысымызды ұйымдастыруда сипаттайтын, дұрыс дене және ақыл еңбегінің сәйкестігі, дұрыс тамақтану, белсенді демалыс, толыққанды ұйқы, сонымен қатар әр ғылымды оқытуды ұйымдастыруда әртүрлі қауіпсіздіктен сақтау және кездей соқ оқиғалардан абай болу. Осылардың барлығы толығымен салауатты өмір салтының жүйесін құрайды.

Журнал номері, №: 2015. № 3

Жастардың құндылықтық бағдарлардың қалыптастыруы

Аннотация: Бұл мақалада замануи қазақстандық қоғамдағы жастардың бүгінгі қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарының бағалы мінездерін өзгерту ұсыныстары мен мазмұнын үйренуге талпыныс жасалды. Біздің қоғамдағы, бірінші кезекте экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларда болып жатқан өзгерістер жастардың бағалы бағдарына әсеретеді. Зерттеу авторлары қазақстандық жастарының арасында сауалнама жүргізді, оның мақсаты 14-17 жас аралығындағы жастардың құндылық бейімделуі анықтау болды.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Қазақстан Республикасында жастар саясатының даму үрдiсi

Аннотация: Осы мақалада Қазақстан Республикасының жастар саясатының даму үрдісі, дамыту бойынша жұмыстарды тиімді жүргізуді бағалаудың теориялық аспектілері, сонымен қатар аймақтағы жастар саясатының қазіргі ахуалын талдауы қарастырылған.

Этника аралық некелер қоғам тұрақтылығының факторы ретінде

Аннотация: Бұл мақалада отбасы әлеуметтік тұтастық ретінде, отбасындағы қарым-қатынастар және қоғам дамуындағы оның ролі қарастырылған. Этника аралық некелердің типологиясы мен құрылу факторлары, этника аралық некелердің тенденциялары мен өзіндік ерекшеліктері анықталған.

Қазіргі саяси метафорадағы сөз мағыналарының ауысым сипаттары

Аннотация: Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың семантикалық ерекшеліктері талданады. Автор қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың жасалуындағы тілдік сипаттарды бірнеше мағыналық түрлерге бөліп қарастырады.

1