Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

әлеуметтік серіктестік

Журнал номері, №: 2016. № 2

Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен шаралары

Аннотация: Мақалада, еліміздің тұрақтылығын дамытуға мақсатталған Қазақстанда моноқалаларды мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары қарастырылған. Көптеген моноқалаларындың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымсыз тенденциялары орын алып жатқасын тақырып өзекті болып табылады. Авторлар «моноқала» ұғымының түсініктемесін дәлелдей отырып, олардың топтастырмасын шығарған және сипаттамасын қарастырған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қарастырып бекіткен моноқалаларын дамыту бағдарламасы және мұндағы негізгі ұғымдар мен элементтер қарастырылған. Моноқалаларын экономикаға диверсификациялау құралдары, оларды моноқаллардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру үшін жағдай жасау мақсатында қолдануы қарастырылған.

Журнал номері, №: 2016. № 1

Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам институты ретінде

Аннотация: Қазақстанның үкіметтік емес секторының қазіргі кезеңдегі дамуы азаматтық қоғамның қызмет жасауының, елдің тұрақты демократиялық даму жолында алға басуының, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ең негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Осы мақалада үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамды дамытудағы басты міндеттері белгіленген. Қазақстан Республикасында азаматтық сектордың қалыптасуының және дамуының кезеңдері қарастырылған. Мемлекет Басшысының азаматтық қоғамға және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты басты позициялары аталған.

1