Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

әлеуметтік

Журнал номері, №: 2015. № 2

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

Аннотация: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу
саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын
көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі,
жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар,
сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу
деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің
түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс
берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе
әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Аннотация: Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіптік қызметке кәсіби даярлау мәселесі қарастырылады.
Білім беру жүйесінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына және артып келе жатқан роліне
көңіл бөлінген. Болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлау жүйе түрінде ұсынылған, оған уәждеме,
білім және білік сияқты компоненттер кіреді. Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды
жетілдіруге қажетті қағидалар нақтыланған.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Диаспоралардың маңызы мен олардың қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерге ықпалы

Аннотация: Ұсынылған мақалада диаспоралардың қалыптасуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар диаспоралардың қазіргі әлемдегі алатын орны мен мәні, олардың ұлттық-аумақтық және мемлекеттік ықпалы қарастырылады.

Журнал номері, №: 2014. № 1

Этника аралық некелер қоғам тұрақтылығының факторы ретінде

Аннотация: Бұл мақалада отбасы әлеуметтік тұтастық ретінде, отбасындағы қарым-қатынастар және қоғам дамуындағы оның ролі қарастырылған. Этника аралық некелердің типологиясы мен құрылу факторлары, этника аралық некелердің тенденциялары мен өзіндік ерекшеліктері анықталған.

Журнал номері, №: 2012. № 4

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсаттары мен өлшемдері

Аннотация: Айтылмыш жұмыста аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының өлшемдері мен мақсаттары зерделенген. Жұмыста ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар және оларға елдің экономикалық дамуының сәйкес келетін өлшемдері көрсетілген.

Кластерлік даму Қазақстан Республикасы аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Аннотация: Бұл мақалада кластер, кластерлік дамудың ерекшелігі көрсетілді және Қазақстан Республикасының кластерлік дамудың құрылуы.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Аннотация: Бұл мақалада кәсіпкерліктің дамуының жүйесіндегi ағымдық жағдайдың талдауы ұсынылған, оның негізгі мәселелері анықталды, сонымен қатар осы мәселені шешудің жолдары көрсетілген.

Балалары бар отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектің институционалдық нормаларын жетілдіру

Аннотация: Мақалада жәрдемақы жүйесін оңтайландыру үшін нормативті-құқықтық базасындағы өзгертулер талданады. Аймақ деңгейінде көрсетілетін әлеуметтік көмек жүйесін зерттеу негізінде алушылардың саны қысқартылғаны және мемлекеттік мекенжай әлеуметтік көмектің ұсынысындағы балалар үлесінің өсуі анықталды. Бұл екі себеппен байланысты: халықтың табыс деңгейінің өсуімен және шыңайы өмір сүру минимумының ММӘК төлемі үшін статистикалық есептеуінен айырмасы.

Қазақстанда халықтың күнкөрісі төмен жіктерін әлеуметтік қорғау және оны жетілдіру жолдары

Аннотация: Бұл мақалада әлеуметтік саясат сипатталған, оның міңездемесі берілген, мемлекеттің әлеуметтік қолдауына талдау жүргізілген және негізгі мәселелері мен әлеуметтік қамтылмаған халықтың бөлігін әлеуметтік қолдауды жетілдіру жолдары берілген.

1 2