Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Мақалалар мұрағаты

Журнал номері, №: 2015. № 2

Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы

Аннотация: Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий
электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған.
Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары
ұсынылған.
Пештің футеровкасына термиялық әсер еткен кезде физикалық құбылыстар орын алады, олар
термиялық кеңею деп аталады. Жоғары температураларда өзінің сипаттамаларын сақтап қалатын
материалдар - отқа төзімді материалдар деп аталады. Термиялық беріктік нақтырақ сипатталған.
Беріктік шегін зерттеу үшін ғылыми стенд қолданылған. Тәжірибелер өткізу барысында температура
мен қысымды өлшеу әдісі келтірілген. Электролизерлерді футеровкалау үшін отқа төзімді
материалдардың сипаттамаларын және өндірістегі нақты жүктемелерді мүмкіндігінше дәлірек білу
қажет

Жылу энергетикалық құрал-жабдықтарды пайдалану және жөндеу сенімділігін қамтамасыз ету

Аннотация: Бұл мақалада «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС материалдарында жылу энергетикалық құрал-
жабдықтарды пайдалану мен жөндеу сенімділігін қамтамасыз етудің теориялық аспектілері
қарастырылған. Қаржылық шығындардың негізгі себептері айқындалған және осы шығындармен
күресу құралының тиімділігіне баға берілген. Құрал-жабдықтың виброжағдайының мониторингінің
әдістемелік негіздері ұсынылған және қарастырылған.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тиімді саясатты қалыптастыру

Аннотация: Мақалада шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайларындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік тұрақтылық, тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру, импорттан тәуелсіздік, өз азық-түлік тауарларын өндіруді дамыту, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құру сияқты мемлекеттік мүдделерді қорғау стратегиясы қажет.

Павлодар қаласының және оның инфрақұрылымдық кешенінің әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттары және перспективалары

Аннотация: Бұл мақалада Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін талдамалы бағалау нәтижелері қарастырылған. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сала мен оның дамуы болып табылады. Осы саланың жағдайы көбінесе еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылу үрдістерін, олардың саны мен сапасын, өндірістік күштердің ғылыми-техникалық даму деңгейін, қоғамның мәдени және рухани өмірін айқындайды.

Еуразиялық экономикалық одақтың өнімі мен байлығының ұдайы өндірістік моделі

Аннотация: Бұл жұмыста өндірісте және экономиканың өзге салаларында қолданылатын салаларалық баланстың өнімді өндіру мен оны үлестірудің (аймақта өндірілген және әкелінген өнім ағысын бөлу) матрицасы мен нақты және қаржы активтер матрицасы біріктірілген аймақтың байлығы мен өнімін ұдайы өндірудің жалпы моделі келтірілген.

Кедендік одақ елдерінде көлеңкелі экономиканың қалыптасу детерминанттары мен факторларының сипаттамасы

Аннотация: Мақалада нарықтық бастамаларға негізделген шаруашылық жүйенің ажырамас элементі көлеңкелі экономика болып табылатыны негізделеді. Соңғы он жылдықтағы реформалардың нәтижесінде пайда болған Кедендік Одақ елдеріндегі көлеңкелі экономиканы қалыптастыратын дәстүрлі және жаңа детерминанттар аталған. Көлеңкелі экономиканың факторлары айқындалған, олардың қазіргі уақыттағы жіктелуі берілген.

Павлодар қаласы тұрғындарының этникааралық интеграциясы және этникаішілік консолидациясын әлеуметтік зерттеу нәтижелері

Аннотация: Этникааралық төзімділік пен қоғамдық келісімді сақтау бойынша қала тұрғындарының этникааралық қатынастарды бағалауын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың қызметін бағалауды анықтау мақсатында 2014 жылғы маусымда әлеуметтік пікіртерім жүргізілді. мақалада Павлодар қ. тұрғындарының этникааралық интеграциясы мен этникаішілік консолидациясын зерттеу нәтижелері ұсынылған.

Диаспоралардың маңызы мен олардың қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерге ықпалы

Аннотация: Ұсынылған мақалада диаспоралардың қалыптасуы, олардың мәні мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерге ықпалы, сонымен қатар диаспоралардың қазіргі әлемдегі алатын орны мен мәні, олардың ұлттық-аумақтық және мемлекеттік ықпалы қарастырылады.

Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік мәселелері: әлеуметтік өлшем

Аннотация: Бұл мақалада Тюмень облысында тұрып жатқан 1200 респонденттің сауалнамалық пікіртерімі, сонымен қатар сарапшылар жауаптарының негізінде аймағымызға Орта Азия елдерінен келген мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің қосалқы талдамасының қорытындысы ұсынылған. Шетел азаматтарының келуі мен кету үрдісін, шет елден қоныс аударғандардың қылмыс деңгейін сипаттайтын статистикалық деректер талданады. Қоғамдық пікіріді білу нәтижелері еңбек көші-қоны саласындағы жағдай жалпы Ресей бойынша мигранттарға
қатысты қоғамдық пікір статистикасына қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Қaзaқcтaн Pecпубликacының мeмлeкeттік жacтap caяcaтын іске acыpудaғы жacтap қoғaмдық біpлecтіктepінің pолі

Аннотация: Мaқaлaдa Қaзaқcтaн Pecпубликacы жacтap caяcaтының жaғдaйы мeн дaму бaғыттapы жәнe oны іcкe acыpудaғы жacтap қoғaмдық біpлecтіктepі мeн ұйымдарының pолі қарастырылады.

Автор: Ы. Буквaeвa
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17