Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру

Этика

Редакторлардың міндеттері

Редакциялық алқа журнал сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жасауға міндеттенеді. Редакциялық алқа мақаланы жариялауға қабылдау туралы шешім қабылдау үшін жауапты болады. Редакторлар журналдың Халықаралық редакциялық алқасының саясатын басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен шектеледі.

Редакциялық алқа қолжазбаларды авторлардың нәсілі, жынысы, сексуалды бағдарына, діни нанымына, этникалық шығу тегі, азаматтығы, саяси бағдарына қарамай, олардың интеллектуалды мазмұны бойынша бағалайды.

Редакторлар және Редакция сәйкес автор, рецензенттер, ықтимал рецензенттер, редакциялық алқа мен баспаның басқа мүшелерінен өзге ешкімге ұсынылған қолжазбалар туралы кез келген ақпаратты ашпаулары тиіс.

Редакторлар материалдың маңыздылығы, бірегейлігі, баяндаудың түсініктілігі мен зерттеу тақырыбының журнал бағытына сәйкестігі негізінде оларды қабылдау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдаулары тиіс. Бұрын осы журналда жарияланған мақалаларға дау айтылған зерттеулерге өзгеше тілектестік қарым-қатынас таныту керек. Теріс нәтижелер алынған зерттеу материалдарынан бас тартуға болмайды. Барлық түпнұсқалық мақалалар алдын ала тәуелсіз рецензиялаудан өту керек, бұл ретте мүдделердің түйісуі немесе тартысымен байланысты болуы мүмкін жүйелі қателіктерді ескеру қажет. Журналға ұсынылған кез келген материалдармен жұмыс кезінде құпиялылық сақталуы тиіс. Автордың жазбаша келісімінсіз редакторлар жарияланбаған материалдарды пайдаланбау керек. Егер жарияланған мақалада күрделі кемшіліктер табылса, редакторлар тез арада түзетуді жариялауға және сәйкес түсініктеме беріп, оған оқырмандардың назарын аударуға міндетті.

Рецензенттердің міндеттері

Сараптамалық бағалау редакторларға редакциялық шешім қабылдауға және авторға қолжазбаны жақсартуға көмек көрсетеді. Қарастыруға алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қаралауы тиіс. Редактордың рұқсатынсыз қолжазбалар бөгде адамға көрсетілмеуі немесе онымен талқыланбауы қажет.

Пікірлер объективті жүргізілуі тиіс. Авторға қатысты жеке сын орынды болып саналмайды. Рецензент өз ескертулеріне дәлелдер келтіру керек. Рецензент қарастырылып отырған қолжазбадағы және кез келген басқа жарияланған жұмыстағы ұқсастыққа немесе сәйкестікке редактордың назарын аударуы қажет. Рецензияланатын ақпарат құпия болу керек және жеке мүддеде пайдаланылмауы тиіс.

Өзіне берілген зерттеуді қарастыру үшін біліктілігінің жеткіліксіз екенін түсінетін кез келген таңдалған рецензент кешіктірмей, бұл туралы редакторға хабарлау қажет. Рецензенттер сәйкес келетін жарияланған, бірақ автор сілтеме жасамаған жұмыстарды анықтаулары керек. Рецензенттер мүдделер кикілжіңіне себеп болуы мүмкін қолжазбаларды қарастырмауы тиіс.

Зерттеулер мен жариялымдар сапасын арттыру үшін редакторлар алынған материалдарды бағалауға тәуелсіз сарапшыларды қатыстырулары керек, олар өз рецензияларын жазбаша түрде жібереді.

Практикалық шаралар

Авторлардың міндеттері

Зерттеу өзекті, негізделген және жақсы жоспарланған болу керек, зерттеудің құрылымы оның мақсаттарына сәйкес келуі тиіс және оны этикалық комитет құптауы қажет. Бұл талаптарды сақтамау, ғылыми зерттеулер мен жариялымдардың нашар тәжірибесіне әкелуі мүмкін.

Біртума зерттеулер баяндамаларының авторлары орындалған жұмыстардың нақты сипаттамасын, сондай-ақ олардың объективті талқыламасын ұсыну керек. Мақалаларда басқа жұмыстарға сілтеме жасалу қажет. Алаяқтық немесе нақты емес мәлімдемелер орынсыз болып табылады.

Ережеге сай авторлар бір зерттеулер баяндалған мақаланы бір журналға ғана жариялаулары қажет, олар жазған зерттеулердің біртума туынды болып табылатынына кепілдік берулері керек, егер авторлар басқалардың жұмысын және/немесе сөзін пайдаланса, олар тиісті тәртіппен үзінді келтірілуі немесе тырнақшаға алынуы қажет.

Зерттеуге айтарлықтай үлес қосқандардың барлығы бірлескен авторлар ретінде көрсетіледі.

Негізгі автор бірлескен авторлардың барлығының мақалаға қосылғанын және мақаланың соңғы нұсқасын мақұлдағанын және оны журналда жариялау үшін келісім бергенін қамтамасыз ету керек.

Автор өзінің жарияланған жұмысынан маңызды қателік немесе дәлсіздік байқаған жағдайда ол туралы кешіктірмей, редакторға не баспагерге хабарлау қажет.

Авторлық

Ғылыми зерттеулер мен жариялымдардағы авторлық пен бірлескен авторлық мәселесі бойынша сақталатын қайшылықтарға қарамастан, зерттеу кезеңдерінің ең болмаса біреуінде алынған мәліметтер үшін автор жауапты болу керектігі жалпыға бірдей танылған.

Практикалық шаралар