Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру

Рецензиялау

Редакцияға түскен барлық мақалалардың қолжазбалары міндетті түрде рецензиялануы тиіс. Рецензиялауға беделі мойындалған және қолжазба мазмұнына қатысты білім саласында қызмет ететін ғалымдар жұмылдырылады. Рецензияланатын жұмыстың авторы немесе бірлескен авторы, сонымен қатар ғылыми дәреже алуға ізденушілердің ғылыми жетекшілері және автор жұмыс істейтін бөлімшенің қызметкерлері рецензент бола алмайды. Егер редакцияның рецензиялауға қолжазба мазмұны қатысты білім саласындағы тиісті дейгейлі маманды тарту мүмкіндігі болмаса, жауапты хатшы авторға сырттан рецензия әкелуді ұсынады. Авторлардың қарауы бойынша, сыртқы рецензия мақаланы берген кезде ұсынылуы мүмкін, алайда бұл рецензиялаудың әдеттегі тәртібін сақтауы керек. Рецензияларды редакциялық алқа талқылайды және олар қолжазбаларды қабылдау немесе қайтару үшін негіздеме болады. Рецензияға тегі, аты және әкесінің аты жазылып маман қол қояды, күні қойылып, рецензенттің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен атқаратын қызметі көрсетіледі. Редакцияға жіберілетін мақала жіберіп отырған ұйым басшысының (орынбасарының) қолы қойылған хатпен сүйемелденуі мүмкін.

Редакцияға түсетін мақала тіркеледі және оған жеке номер беріледі. Авторлық материалдарды ұсыну мен жариялау ережелері есепке алынбай ресімделген және авторлар, хат алмасуға жауаптылар туралы байланыс ақпараты қамтылмаған қолжазбалар қарастырылмайды.

Рецензенттерге өз қажеттіліктері үшін қолжазбалардың көшірмелерін алуға, сонымен қатар редакторлардың рұқсатынсыз қолжазбаның бір бөлімін басқа тұлғаға рецензиялауға беруге рұқсат етілмейді. Рецензенттердің жұмыс жарияланғанға дейін оның мазмұны туралы білімін өз мүдделерінде пайдалану құқықтары жоқ.

Рецензия ғылыми мақаланы объективті бағалап және оның ғылыми әрі әдістемелік жетістіктері мен кемшіліктерінің жан-жақты талдауын қамтуы тиіс. Рецензия редакция ұсынатын стандартты нысан бойынша немесе төмендегі жағдайлар міндетті түрде айқындалып, еркін нысанда құрастырылады. Рецензия мазмұны төмендегі негізгі қағидаларды қамту керек:

Рецензияның қорытынды бөлімінде жалпы қолжазба туралы негізделген тұжырымдар және оның журналда жариялауға лайықтылығы немесе оны өңдеу қажеттілігі туралы нақты ұсыныс болу керек. Қолжазба жалпы теріс бағаланған жағдайда (жариялауға лайық еместігі туралы ұсыныс) рецензент өз тұжырымдарын негіздеуі қажет.

Қолжазба бір немесе бірнеше критерийге сәйкес келмеген жағдайда рецензент рецензияда мақаланы жөндеу қажеттілігін көрсетеді және қолжазбаны жақсарту бойынша авторға нұсқаулар (автор жіберген дәлсіздіктер мен қателіктер көрсетілген) береді. Редакция рецензиялау нәтижесін авторға жеткізеді. Автордың және рецензенттің қалауы бойынша жөндеу көзбе-көз жүргізілуі мүмкін. Автор жөндеген мақалалар сыни ескертпе жасаған сол немесе редакцияның қарап шешуі бойынша басқа рецензентке рецензиялауға қайта жіберіледі. Кикілжің туындаған жағдайда рецензент туралы қандай да бір мәліметтер көрсетілмей, рецензия мақала авторына қайтарылады. Автор рецензенттің ескертпелерімен келіспеген кезде ол қайта рецензиялау туралы өтініш білдіре немесе мақаланы қайтара алады, бұл туралы тіркеу журналында жазылады.

Теріс рецензия берілген жағдайда мақала басқа рецензентке тапсырылады, оған өткен рецензиялау нәтижелері туралы хабарланбайды. Қайта рецензиялау нәтижесі теріс болған кезде автор(-лар)ға теріс рецензиялардың көшірмелері жіберіліп, мақаланы қайта өңдеу және жалпы кезек тәртібінде қайта тапсыру ұсынылады.

Рецензиялаудан кейін жарияланымның лайықтылығы туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Төмендегідей жағдайларда жариялауға жіберілмейді:

Мақаланы қарау мерзімі — 3 айдан артық емес. Журнал редакциясы басып шығаруға қабылданбаған қолжазбаларды сақтамайды. Жариялауға қабылданған қолжазбалар қайтарылмайды.