Ғылыми журналы
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» Мақаланы ұсыну Қоңырау шалуға тапсырыс беру
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» Мақаланы ұсыну Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Ресімдеуге қойылатын талаптар
- Мақала мәтіні компьютерде doc (Microsoft Word 97/2000 (XP 2003) форматында терілуі қажет. Парақ форматы А4. Барлық жиектері – 2 см. Парақ қалпы – кітаптық (кестелер мен суреттер де). Шрифтер: Times New Roman, Кz Times New Roman. Символ мөлшері – 10 pt.
- Мәтін беттің ені бойынша тасымалдаусыз форматқа келтірілуі тиіс, азат жол басындағы бос жер – 1 см. Жолдар аралығы – жалқы. Мақаланың мәтін бөлігін ресімдеу:
- Мәтін, кесте, формулалар және суреттер 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ-қа сәйкес ресімделеді. Мәтін ішіндегі математикалық формулалар, суреттер мен иллюстрациялар қара-ақ түстерде орындалады (түстің орнына штрихтаудың түрлі нұсқасын қолдану қажет). Суреттер мен сызбалар да jpeg форматындағы жеке файлмен қоса ұсынылады.
- РСуреттер айқын орындалған түрде ұсынылу керек, олардағы жазуларды мүмкіндігінше сандық немесе әріптік белгілеулер алмастырады, ал белгілеулер сурет асты жазбада түсіндіріледі. Суреттегі позициялар сағат тілі бойынша орналастырылады.
- Мақала мәтінінде ұсынылған суреттерге (кестелерге) міндетті түрде сілтемелер болу керек.
- Мақала дайындауда қолданылған ақпараттық көздер тізімі мақаланың соңында және 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес ресімделеді. Ақпараттық көздердің реті мақалада оларға жасалған сілтемелер ретімен берледі. Әдебиетке жасалатын сілтемелер квадрат жақшаларда беріледі, мысалы: [1] немесе [1, 5-б.].
- Мақала мәтіні бір файлда ұсынылады, файл атауы кемінде үш сөзден тұру керек: олардың біріншісі – автордың тегі (егер бірнеше автор болса, онда мақала жариялымы үшін төлемақыны жасаған автордың тегі), ал келесі – мақала атауының бірінші екі сөзі. Суреттер мен сызбалар да jpeg форматындағы жеке файлмен қоса ұсынылады.
- Мақаланың құрылымы:
- Әмбебап ондық жіктелім индексі (УДК) бірінші бетте сол жақтың жоғарғы бұрышында орналастырылады.
- Авторлардың әрқайсысының аты мен әкесінің атының бас әріптері, тегі, оның ғылыми/академиялық дәрежесі (толық) көрсетіледі.
- Жұмыс орны (кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы), қала, ел.
- Мақала автор(-лар)ының электронды адресі.
- Мақаланың мазмұнын көрсететін және 10 сөзден аспайтын мақала тақырыбы жартылай қою қаріппен беріледі, символ мөлшері – 12 pt. Тақырыпта жалпы қабылданған болмаса, қысқартуларды қолдануға рұқсат етілмейді.
- Мақала тіліндегі аннотация – курсивпен, «Аннотация» сөзі жазылады.
- Мақала тіліндегі түйін сөздер (мақаланың атауын қайталамайтын 5-7 сөз немесе сөз тіркесі) – курсивпен беріледі, «Түйін сөздер» деген сөз тіркесі жазылады.
- Кіріспе, әдебиетке шолу (қажет болған жағдайда), материал сипаттамасы және зеттеу әдістемесі, нәтижелер мен талқылау, сонымен қатар қорытынды бөлімдерінен тұратын мақала мәтіні.
- Екі нұсқада ұсынылған әдебиеттер тізімі (нормативтік және құқықтық деректерге жасалған артық сілтемесіз кемінде 8-10 әдебиет көзі). Бірінші нұсқада әдебиеттер автор сілтеме жасаған жариялым түпнұсқасы бойынша беріледі. Екінші нұсқада барлық әдебиет көздері роман алфавитінде (транслитерация ережелерін есепке ала отырып) көрсетіледі.
- Түйіндеме қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, оған төмендегілер кіреді: а) әр автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері, тегі, ғылыми/академиялық дәрежесі (толық), жұмыс орны (кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы), қала, ел көрсетіледі; б) мақала тақырыбы; в) түйіндеменің мәтіндік бөлімінің көлемі 250-300 белгі, онда жұмыстың маңызды фактілері баяндалады. Авторлық түйіндеменің мәтіні қысқа және нақты болу керек, ал қосалқы ақпарат, артық кіріспе сөздер, жалпы тұжырымдар болмайды) түйін сөздер.
- Электронды нұсқаның беттері номерленбейді, беттерді номерлеу тек қағаз нұсқада болады.
- Мақала қолжазбалары авторларға қайтарылмайды.
Мақаланы ресімдеу үлгісі
Мақаланы ресімдеу үлгісі
(.doc форматында жүктеу)