Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Қазақстанның экономикалық жағдайларында өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау

Аңдатпа:

Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау, аймақтардың бәсекелестік артықшылықтарын іздеу мәселелері, әсіресе адам ресурстарының сапасын арттыру есебінен жеткілікті зерттелмеген күйінде қалып отыр. Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасының экономикасы жағдайында аймақтық бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың қолда бар үлгілері берілген. Бұдан басқа, мақала авторлары аймақтық саясат тұжырымдамасында бастау алатын Қазақстан Республикасы аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдауға сәйкес аймақтардың топтастырылуын жүзеге асырған. Авторлар Қазақстан Республикасының салыстырмалы аспектіде аймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау мақсатында Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілік индексінің негізгі көрсеткіштерін есептеп берген. Зерттеу мақсаты – қазіргі жағдайдағы Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы талдау және бағалау. Мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанынан әрекет ететін инвестициялардың өтімділігін зерттеу жөніндегі Агенттік (Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингі) әзірлеген индекстердің негізінде Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың рейтингтік үлгісі қолданылды. Зерттеудің құндылығы – өңірлік саясат тұжырымдамасынан бастау алатын Қазақстан Республикасы өңірлерінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдауға сәйкес өңірлерді жіктеу жүзеге асырылды. Авторлар өңірлердің ерекшелігін айқындау және өңірлердің стратегиясын әзірлеу бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілік индексінің негізгі көрсеткіштері есептелген. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан өңірлерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік берген талдау жүргізілді. Аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне адам ресурстарын дамытпай және оларды ұтымды пайдаланбай қол жеткізу мүмкін емес екендігі атап өтілді. Тұтастай алғанда, өңірлік саясаттың бағыттары дамудың таңдалған сценарийімен айқындалады. Авторлар ұсынатын өңірлік бәсекеге қабілеттілікті бағалау әдіснамасына көзқарас бірқатар артықшылықтарға ие-өңірлердің ерекшелігін көрсетеді, жақын арадағы бәсекелестерді көруге және өңірдің даму стратегиясының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі: