Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

2(102)

Тазарту

Криптография мен жасанды интеллект интеграциясы: ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін арттыру
Аңдатпа: Негізгі мəселе: Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында ақпараттық жүйелердің дамуы деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесінің маңыздылығын арттырып отыр. Осыған байланысты криптография мен жасанды интеллект технологияларының өзара əрекеттесуін зерттеу өзекті ғылыми бағыттардың біріне айналды. Мақсаты: Бұл мақалада криптографиялық жүйелерде жасанды интеллект технологияларын қолданудың мүмкіндіктері, қауіптері жəне даму перспективалары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – дəстүрлі криптографиялық алгоритмдер мен жасанды интеллект негізінде оңтайландырылған алгоритмдердің тиімділігін салыстырмалы түрде талдау. Əдістері: Зерттеу барысында эксперименттік модельдеу əдісі қолданылып, əртүрлі көлемдегі деректерді шифрлау уақыты өлшенді. Нəтижелер жəне олардың маңыздылығы:Алынған нəтижелер жасанды интеллект негізіндегі алгоритмдер дəстүрлі əдістермен салыстырғанда жоғары өнімділік көрсететінін анықтады. Сонымен қатар жасанды интеллект криптографиялық жүйелердегі осалдықтарды анықтау жəне қауіпсіздік жүйелерін бейімдеу мүмкіндігін арттырады. Зерттеу нəтижелері криптография мен жасанды интеллект интеграциясы ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жетілдірудің маңызды бағыты екенін көрсетеді.
Автор: А.Ғ. Керім
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)

Терең оқыту əдістерін пайдалана отырып бет-əлпет тану жəне пайдаланушы мінез- құлқын талдауға негізделген интеллектуалды қолжетімділікті басқару жүйесі
Аңдатпа: Қазіргі кезде қолжетімділікті бақылау жүйелері тек парольдер мен PIN-кодтарға сүйенген кезде қауіпсіздік талаптарына толық жауап бере алмайды. Мұндай дəстүрлі əдістерді ұрлау, болжап табу немесе басқа адамға беру оңай, сондықтан олар қорғаныс жүйесінің əлсіз буынына айналады. Осы жағдайда пайдаланушының тек деректерін ғана емес, оның өзін қалай ұстайтынын да «түсіне алатын» биометриялық жəне поведенциялық тəсілдер ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жұмыста адамның бет-əлпеті бойынша ғана емес, сонымен қатар оның жүйеге кіру кезіндегі мінез-құлқына сүйеніп шешім қабылдайтын бағдарламалық жүйе əзірленеді. Мақсат – күмəнді əрекеттерді дер кезінде байқап, қолжетімділікті автоматты түрде шектеуге қабілетті құрал жасау. Техникалық негіз ретінде бейнеағыннан бет-əлпетті тану үшін компьютерлік көру мен терең оқыту əдістері қолданылады. Сонымен бірге, уақыт, аймақ жəне сəтсіз əрекеттердің жинақталуын ескеретін мінез-құлықты талдау модулі іске асырылған. Жүйе бірнеше өзара байланысты бөліктерден тұрады: бет-əлпетті тану, қолжетімділікті уақыт пен аймақ бойынша тексеру жəне тəуекел деңгейін бағалау. Жасалған прототип биометриялық жəне поведенциялық белгілерді біріктіру қолжетімділікті бақылаудың сапасын айтарлықтай жақсартатынын көрсетті. Егер қате əрекеттер саны немесе əдеттен тыс қадамдар белгіленген шектен асып кетсе, жүйе пайдаланушыны автоматты түрде бұғаттап, дабыл сценарийін іске қосады. Осылайша, рұқсатсыз кіру ықтималдығы азаяды, ал қауіпсіздік əкімшісінің жүктемесі жүйенің дербес əрекеті есебінен төмендейді. Ұсынылған тəсілдің ғылыми жаңалығы – бет-əлпетті тану мен мінез-құлықты талдауды бірегей шешім қабылдау архитектурасында біріктіруінде. Бұл пайдаланушыға қолжетімділік беру туралы шешім қабылдағанда биометриялық сипаттамаларды да, оның əрекет контекстін де (кіру уақыты, орны, сəтсіз талпыныстардың құрылымы) қатар ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай интеграцияланған тəсіл дəстүрлі бір факторлы жүйелермен салыстырғанда анағұрлым икемді жəне «зияткерлік» қауіпсіздік контурын қалыптастырады.
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)

Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігіне əсер ететін экологиялық факторларды тағамдық технологияларды дамыту контекстінде кешенді бағалау
Аңдатпа: Аридтік өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жердің тозуы, су ресурстарының тұрақсыздығы жəне жергілікті экологиялық ластанулардың əсерімен күрделене түседі, бұл агроазық-түлік жүйесінің тұрақтылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына жəне өңдеу мүмкіндіктеріне кері əсер етеді. Бұл жұмыстың мақсаты Жамбыл облысында экологиялық факторлардың азық-түлік қауіпсіздігіне əсерін бағалау жəне тағамдық технологиялардың өнім сапасы мен қауіпсіздігін арттырудағы рөлін негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында жүйелік талдау, салыстырмалы-географиялық тəсіл жəне 2023-2024 жылдардағы топырақ, атмосфералық ауа жəне жерүсті сулары бойынша экологиялық мониторинг деректерін кешенді өңдеу жəне нəтижелерін ғылыми тұрғыдан талдау қолданылды. Зерттеу нəтижесінде қарашірік мөлшерінің төмендеуі мен дефляциялық үдерістердің күшеюі жердің тозуы негізгі шектеуші факторы екені анықталды. Ескере кететін жайт, деректерге сүйенсек, топырақтағы ауыр металдардың концентрациясы рұқсат етілген деңгейден аспайтындығы дəлелденді. Атмосфералық ауада жалпы ластану деңгейі төмен болғанымен, жекелеген аумақтарда шекті рұқсат етілген концентрациядан асу жағдайлары тіркелген. Беттік сулар сапасының жақсаруы байқалып, экстремалды ластану анықталмаған. Жоғарыда алынған нəтижелер ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді жəне өңірлік саясатта қолданылуы мүмкін.
Автор: Ж.Б. Исаева
Журналдың шыққан жылы: 2026
Журнал нөмірі: 2(102)