Аңдатпа:
Мақалада урбанизация жағдайында дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құңдылықтар қарастырылады,
этномәдени үрдістердің даму тенденциялары сипатталады. Жүргізілген лингвистикалық және
әлеуметтік зерттеу негізінде салт-дәстүр элементтерін сақтау ерекшеліктеріне талдау жасалады,
этномәдени бағыттар және ұлттық мәдениеттің жеке элементтерін білу деңгейі анықталады. Автор
антротопоним және басқа да жалқы есімдердің урбанонимдер – тарихи, қоғамдық, саяси және мәдени
өзгерістер жіктемесіне өтуін қарастырған. Бұл үрдіс тарихи, қоғамдық, саясатты және мәдени
түрлендіру болып табылады. Урбанонимдер жалқы есімдерге жатады, тіларалық коммуникацияда,
шетел тілдерін үйренуде және шет тілінен аударуда тірек нүктесі болып табылады. Олар белгілі бір
тарихи дәуірді сипаттап, қаланың даму тарихын қадағалауға көмектеседі, құнды лингвистикалық
және елтану ақпаратының көзі болып табылады. Қазақ, орыс, ағылшын халықтары материалында
(көшелердің атауы) әр түрлі урбанонимдердің пайда болуы мысалдар арқылы қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы:
2015
Журнал нөмірі:
2(58)
Тақырып: Гуманитарлық ғылымдар
Түйінді сөздер: этнолингвистика, ономастикалық кеңістік, урбанонимдер, лингвомәдениеттану, салт-дәстүр, халық мәдениеті, тіл, топонимика