Мақалада БАҚ мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара әрекет ету механизмдері тиімділігінің сұрақтары қарастырылады. Осы саланың негізгі мәселелері болып табылады: бағаға бағытталған, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы масс- медиа ақпаратын орналастыру; мемлекеттік сатып алу және бақылау мәселелері, мемлекеттік сатып алу шарттарымен шарттасылған цензура мен өзін- өзі цензурасы шеңберінде БАҚ қызметтерінің орындау сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер жүйесінің жоқтығы. Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізгеннен кейін басылымның өз-өзіне цензура жасау практикасының кеңейгені белгілі болды. Тұжырымында автор мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара әрекетіндегі проблемаларды шешу жолдарын ұсынады.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2016
Журнал нөмірі:
1(61)
Тақырып: Қоғамдық ғылымдар