Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

3(59)

Тазарту

Лингвокультурологиялық ерекшеліктер теоморфті (теоморфтілік) перри метафоралар
Аңдатпа: Бұл мақала теоморф метафора іргелі метафора ретінде қарастырылады ерекшеліктері қатынасы лингвокультурологик пікір кейбір баяндалған. Сонымен қатар, Алишер Навои, Бабурдың классикалық поэзиясының үлгісі, метафора семантикалық сипаты сипатталған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Әлеуметтік жарнама – әлеуметтік-мәдени дискурстың фрагменті ретінде
Аңдатпа: Аталған ғылыми мақалада әлеуметтік жарнама, әлеуметтік жарнама дискурсы терминдеріне анықтама берілген, оларға сәйкес сипаттамалар жазылған, сонымен қатар оның ерекшеліктері, қолдану аясы қарастырылған. Мақалада әлеуметтік жарнамалық дискурстың мақсаттары мен міндеттері айқындалды, негіздемелер бойынша бірнеше жіктемелерге сараланды. Ғылыми мақалада жарнама дискурсы коммуникативті феномен жөнінде жазған ғалымдардың кейбір зерттеу жұмыстары қарастырылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Урбаландырудың этномәдениет үрдістерге тигізетін әсері
Аңдатпа: Мақалада урбаландырылу жағдайындағы әлеуметтік-мәдени құңдылықтар қарастырылады. Этномәдени үрдістердің даму тенденциялары сипатталады. Жұмыс барысында өткізілген лингвоәлеуметтік зерттеу негізінде этномәдени бағыттары және жеке ұлттық мәдени білім деңгейлері анықталады. Біздің ойымызша, антротопоним және басқа да жалқы есімдердің урбанонимдер жіктемесіне өтуін қарастыру өте қызық жағдай деп айтуға болады. Бұл үрдіс тарихи, қоғамдық, саясатты және мәдени түрлендіру болып табылады. Урбанонимдер жалқы есімдерге жатады, урбанонимдер мәдениаралқы коммуникацияда ең маңызды бөлігі және де шетел тілдерін оқуда да. Олакр белгілі бір тарихи дәірді сипаттап, қаланың даму тарихын қарастыруға көмек береді. Урбанонимдер зерттеудің ең негізгі лингвистикалыө және елтану ақпараттық қоры. Мақалада берілген мысалдарда қазақ, орыс, ағылшын тілдер негізінде түрлі урбанонимдердің әр түрлі уақытта қалыптасуы қарастырылды.
Автор: Н.С. Сеитова
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

«Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қолданылған қару атауларының лингвомәдени сипаты
Аңдатпа: Аталған ғылыми мақалада «Ер Көкше», «Ер Қосай» қазақ батырлар жырларындағы әскери лексиканың ерекшеліктері, оның ішінде қару түрлері мен оның қолданылу сипаты қарастырылған. Мақалада жырларда кездесетін кесу қарулары – найза, қылыш, сүңгі, зұлпықар, семсер және ату қаруы – садақ сөздері лингвистикалық талдау әдістері негізінде сараланды. Олардың батыр бейнесін жан-жақты ашудағы мақсат-мүддесі айқындалды. Ғылыми мақалада қазақ эпосындағы батырлардың қарулану мәселелері, әскери лексика жөнінде жазған ғалымдардың кейбір зерттеу жұмыстары қарастырылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды. «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында қару түрлеріне қатысты сөздердің шығу этимологиясы, лексикасы, морфологиялық құрылымы талданды. Жыр мәтіндерінде қаруға қатысты кездесетін «сүңгі», «зұлпықар», «найза», «семсер», «қылыш», «бұхаржай» архаизм сөздеріне ерекше назар аударылып, олардың қолданылуы мен жасалу тәсілі, тілдік ерекшеліктерін ашу міндеті көзделеді
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)