Аңдатпа: 
                            Шет  тілдерін  оқытудағы  түрлі  әдістер  мен  тәсілдер  қазіргі  жаһандану  мен  интеграция 
әлемінде жоғары танымалдыққа ие болады. Білім беру жүйесінің интеграциясы шет тілдерін меңгеру 
үдерісін  жеделдетуді  және  оның  сапасын  арттыруды  негіздейді,осыған  байланысты  осы  мақалада 
оларды  оқу  орындарының  білім  беру  жүйесіне  енгізу  мақсатында  оқытудың  ең  жаңа  әлемдік 
әдістемелері  қарастырылады.  Атап  айтқанда,  қазіргі  білім  беру  ортасында  болашақ  мамандарды 
кәсіби  даярлау  (Content  and  Language  Integrated  Learning)  үдерісінде  пәндік  және  тілдік  оқытуды 
интеграциялау идеясына негізделген, шет тілінде кәсіби бағытталған құзыреттілікті қалыптастыруға 
ықпал ететін тәсіл ерекше маңызға ие болады. 
Осыған  байланысты  мақалада  студенттердің  дәрістік,  тәжірибелік  сабақтарда  және 
студенттердің  өзіндік  жұмысы  барысында  «Саладағы  экономика  және  кәсіпкерлік»  пәні  мысалында 
студенттерге  арналған  пән-тілдік  кіріктірілген  оқыту  әдістемесіне  (CLIL)  сәйкес  даярлаудың 
лингвистикалық  емес  бағыттарының  студенттері  үшін  білім  мен  дағдыларды  белсендіру  әдістемесі 
ұсынылған, бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мен жетілдіруге және шет тілін меңгеру 
деңгейіне ықпал етеді. Сонымен қатар, тілдік компонент теориясын («Language input theory»), екінші 
тілді  қабылдау  теориясын  («Second  language  acquisition»),  өзара  әрекеттесу  теориясын  («Interaction 
theory») «Саладағы экономика және кәсіпкерлік» пәні бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтарда және 
студенттердің өзіндік жұмысы барысында қолдану тәсілдері көрсетілді. Пән ерекшелігіне қарай CLIL 
әдістемесіне  сәйкес  сабақ барысының  тәжірибелік  алгоритмі  (дәріс  сабақтары мысалында)  берілген. 
Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес студенттердің білімін бағалау әдістемесі ұсынылған. 
Мақалада студенттердің пән материалдарын меңгеруіне көмек ретінде оқытушының қосалқы 
рөліне ерекше назар аударылады, ол студенттің базалық кәсіби білімі мен іскерлігін меңгеруіне қарай 
қысқарады.  Осы  арқылы  оқытушының  оқытудың  бірінші  кезеңдерінде  (таныстыру,  енгізу,  оқыту, 
соның  ішінде,  шет  тілін  бір  уақытта  оқу  кезінде  өзіндік  талдау  және  деректерді  бағалау) 
студенттердің өз бетінше оқытуымен қосалқы рөлі атап өтілді.
                        
                        
                        
                            
                            Журналдың шыққан жылы:                             
                                2020                            
                        
                        
                            
                            Журнал нөмірі:                             
                                2(78)                            
                        
                        
                            
                            Тақырып:                             Педагогика және психология
                        
                        
                    
            
 Қазақ
 English
 Русский