Аңдатпа:
Осы мақалада Инновациялық Еуразия университетінің № 1 оқу корпусының төртқабатты ғимаратын жылуландыру жүйесіне жылу есептемесі берілген. Мәліметтер 1 желтоқсан – 28 ақпан кезеңі аралығында үш маусым бойынша берілген: 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016 жылдар. Жылу есептемесі негізінде 1.12.- 28.02. кезеңі аралығында үш маусым бойынша (2013-2014,2014-2015, 2015-2016 жылдар) жылуды нақты және есептік тұтынудың кестелері жасалды. Осы кестелерде екі шама арасындағы айырмашылық жақсы көрінеді. Есеп көрсеткендей, жылуды нақты тұтынудан орташа айырмашылық 13,02 % құрады.
Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы:
2016
Журнал нөмірі:
1(61)