Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Шет тілі сабақтарында бағалаудың заманауи технологиялардың маңыздылығы

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада қазіргі заманғы бағалау технологияларын тәжірибеге белсенді енгізу арқылы ағылшын тілі сабақтарында білімді бағалау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі қарастырылады. Бағалау кезеңінің білім беру жүйесіндегі негіз қалаушы ретіндегі маңыздылығына баса назар аударылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының білімін бағалау мәселесі ең көп талқыланатын аса өзекті тақырып болып саналады. Критериалды бағалау кезінде оқушының үлгерімі алдын-ала анықталған бағалау критерийлерінің жиынтығына сәйкес бағаланады. Білім деңгейі бірдей, ал оқу қызметіне деген көзқарас әртүрлі. Мақсаты: Шет тілі сабақтарындағы оқушылардың жетістіктерін бағалаудың формалары мен әдістерін оқушының өзін-өзі бағалауы мен өзара бағалауын дамыту құралы ретінде, шет тілін үйренуге ынталандыру факторы ретінде қарастыру және талдау. Әдістері: Бағалау әдісі оқушылардың үлгерімін диагностикалау әдісі ғана емес, сонымен бірге жалпы білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы екенін баса айтылады. Осыған орай мақала авторы ағылшын тілі оқытушысының танымал әрі ғылыми негізделген бағалау жүйелерін белсенді қолданысқа енгізуі арқылы баланың шет тілін үйренуін тиімді жолға қою мүмкіндігін атап өтеді. Сонымен қатар, сабақты ұйымдастырудың бұл тәсілі оқушылардың педагогикалық ықпал ету объектісі ретіндегі белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігі айтылады. Бұдан басқа мақалада критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, диагностикалық бағалау және кері байланыс сияқты түрлері жан-жақты қарастырылады. Әрбір тәсілдің оқу үрдісіндегі маңызы мен ерекшелігі сипатталады. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Бұл қазіргі мектепте шет тілін үйренуге ынталандыру факторы ретінде өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды дамыту құралы ретінде оқушының оқу жетістіктерін бағалау әдістерін қолдану факторлары мен жағдайларын жалпылауға байланысты. Қазіргі уақытта мектептердегі бағалау жүйесін жан-жақты жетілдіру қажет. Тек қана мектептерде ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да қолданыстағы бағалау жүйесін жетілдіру керек деп пайымдалады. Жалпы мектептердегі оқытушыларды бағалау жүйесіне қатысты келесі талаптар заңдылыққа айналуы қажет:- оқушының қаншалықты табысты оқып, білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндігінің болуы;- оқушының тәжірибелік дағдыларды қаншалықты игергенін анықтай алу мүмкіндігі;

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 1(85)