Аңдатпа:
Негізгі проблема: Соңғы жылдары әлемде қызметтің барлық салаларында цифрландырудың кең тараған әсері мен жүзеге асырылуы байқалады. Қаржы секторы бұл үрдістің әсерін көбірек сезінуде. Бүгінгі таңда банктер цифрлық инновацияларды қолдануда осы секторда көшбасшы болып табылады. Әлемдегі болып жатқан оқиғаларға байланысты банктер өз өнімдерін трансформациялауға мәжбүр болды. Интернет-банкинг, чат-боттар, контактісіз төлем жүйелері, биометриялық сәйкестендіру технологиялары және т.б. сияқты өнімдер мен қызметтер пайда болады және үнемі жаңартылып отырады. Мақалада цифрлық банкинг өнімдерінің дамуының негізгі тенденциялары және олардың банктердің қызметіне әсері талқыланады.
Мақсаты: Жаңа цифрлық банктік өнімдерді және банк секторы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің әсерін зерттеу және бағалау.
Әдістері: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық-статистикалық базасы негізінде банк секторы қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау жасалды.
Нәтижелері мен маңыздылығы: Жаңа цифрлық банктік өнімдерді дамытудың бағыттары мен тенденциялары зерделеніп, Қазақстан Республикасының банк секторының тиімділік көрсеткіштері салыстырылды.
Журналдың шыққан жылы:
2023
Журнал нөмірі:
4(92)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар