Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және мемлекеттік биліктің өзге де органдары: өзара іс-әрекеттің проблемалық аспектілері

Аңдатпа:

Қазақстан Республикасында идеологиялық, әлеуметтік және саяси плюрализмге негізделген нарықтық экономика, демократиялық саяси жүйе және еркін азаматтық қоғам қалыптасып жатыр. Бұл конституциялық нормаларды дамытуға, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін жаңа құқықтық институттардың алуан түрлілігіне өз түзетулерін енгізеді. Олардың қатарына Конституциялық Кеңес жатады. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына және республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі билік үш тармағының ешқайсысына кірмейді және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Мақалада Қазақстанның Конституциялық Кеңесі Республиканың конституциялық құрылысының негіздерін, прокуратураның конституциялық қадағалауын, Президент билігінің институтын, функциялары мен құралдарын талдау қарастырылады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің конституциялық-қадағалау органы ретінде ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметінің өзара іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен мемлекеттік биліктің басқа да институттары арасындағы өзара іс-әрекетінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді талдау болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің қолданыстағы Заңнаманы конституцияландыру жөніндегі қызметін кешенді зерттеу – өзекті теориялық және практикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ол түбегейлі қоғамдық реформаларды жүргізу кезеңінде қабылданған қолданыстағы Заңнаманың ауқымы мен сапасына, оны «түзету» және жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Бұл тұрғыда, ғылыми талданып және ұғынуды қажет ететін Конституциялық Кеңеске маңызды рөл беріледі. Бұдан басқа, авторлар Конституциялық Кеңестің басқа мемлекеттік билік институттарымен өзара іс-әрекеттерін құру жолдарын зерделеп, ашып көрсетті, Кеңесте конституциялық іс жүргізуге бастамашылық жасау, ұйымдастыру-хаттамалық, ақпараттық рәсімдер, Конституциялық Кеңестің құрамын анықтау, Конституциялық Кеңестің шешіміне Мемлекет басшысының қарсылықтарын еңсеру салалары да қаралды. Мақалада қолданылатын институционалдық әдіс - Конституциялық Кеңестің мемлекеттік билік органдары жүйесінде мәні мен маңызын көрсетуге мүмкіндік берді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 2(78)
Тақырып: Құқық