Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Қазақстанның ауылдық аймақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторлары

Аңдатпа:

Қазіргі уақытта ауылдық аймақтарды дамытуда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипаттағы түрлі мәселелер бар, олардың ішінде негізгілері: базалық қызметтерге қол жеткізу, көліктік байланыстың болмауы, тиісті емес әлеуметтік, тұрғын үй инфрақұрылымы және басқалар. Аумақтың тұрақты дамуына қол жеткізу кез-келген мемлекет үшін үлкен маңызға ие маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Тұрақты даму экономика, әлеуметтік сала және экология тұрғысынан үйлесімді даму деп түсіндіріледі. Сонымен бірге, егер ағымдағы жағдайға және олардың жұмыс істеуінің ұзақ мерзімді тұрақтылығына тікелей әсер етуі мүмкін көптеген факторлар мен жағдайлар ескерілмесе және мемлекет тарапынан түрлі саясатты іске асыру шеңберінде осы үрдістерге араласу жасалмаса, әлеуметтік-экономикалық және табиғи жүйелердің тұрақты дамуы мүмкін емес. Осыған байланысты осы зерттеудің мақсаты - тұрақты дамудың мақсаттары мен міндеттері контексінде елдің ауылдық өңірлерінің теңгерімді дамуын айқындайтын және ықпал ететін негізгі факторларды анықтау және зерделеу болып табылады. Ғылыми зерттеу жүргізу шеңберінде экономикалық танымның эмпирикалық әдістері, индукция және дедукция, синтез әдістері, сондай-ақ логикалық әдістер қолданылған. Ауылдық аумақтардың орнықты дамуының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторларды жіктеу кезінде орнықты дамудың елеулі белгісін – қоғамдық дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдас бөліктерінің үйлесімді тіркесімін ескеру қажет. Осы зерттеудің логикасын ескере отырып, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына ықпал ететін факторлардың алуан түрлілігіне сүйене отырып, оларды жүйелеуі жүзеге асырылды.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)