Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

2(58)

Тазарту

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға бейресми қатынастардың ықпалы
Аңдатпа: Мақалада бейресми қатынастардың туындау проблемасы, олардың кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға ықпалы қарастырылады. Бейресми қатынастар немен реттеледі, сондай-ақ өтпелі кезеңнің қазіргі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын уақытылы бейнелейтін бейресми тәжірибелердің пайда болуы зерттелген.
Автор: Н.Б. Рудица
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Америка Құрама Штаттарындағы мектепке дейінгі білім берудің бағасы, қолжетімділігі және дамыту перспективалары
Аңдатпа: Бұл мақалада мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын түсіндіруге және оның баланың қалыптасуына қалай әсер ететінін қарастыруға әрекет жасалады. Америка Құрама Штаттарының әр түрлі аймақтарында балаларды бағып күтудің құны туралы мәліметтер келтіріледі, аз қамтылған, кішкентай балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету қажеттілігі көрсетіледі.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық БАҚ-тың өзгешеліктері
Аңдатпа: Бұл мақалада аймақтық баспасөздің теориялық және практикалық аспектілері, жеткіншектерге арналған БАҚ-тың ерекшеліктері, баспа БАҚ атқаратын қызметтер, сонымен қатар «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында аймақтық жастар бұқаралық ақпарат құралдарын қарқында дамыту қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
Аңдатпа: Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған. Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам дамыту үшін міндеттердің шешімі және аймақтың өнеркәсіптік саясатын жетілдіру бағыттары ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Халық санының өсуін статистикалық талдау
Аңдатпа: Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай аламыз. Халық санын статистикалық талдау елімізде саяси-әлеуметтік бағдарламалар жасауда маңызды. Мақалада Павлодар облысы бойынша халық санының динамикалық өсу қарқыны мен оның трендтік моделі келтірілген.
Автор: Т.М. Арзаева
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)