Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

3(59)

Тазарту

Жастардың құндылықтық бағдарлардың қалыптастыруы
Аңдатпа: Бұл мақалада замануи қазақстандық қоғамдағы жастардың бүгінгі қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтарының бағалы мінездерін өзгерту ұсыныстары мен мазмұнын үйренуге талпыныс жасалды. Біздің қоғамдағы, бірінші кезекте экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани салаларда болып жатқан өзгерістер жастардың бағалы бағдарына әсеретеді. Зерттеу авторлары қазақстандық жастарының арасында сауалнама жүргізді, оның мақсаты 14-17 жас аралығындағы жастардың құндылық бейімделуі анықтау болды.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Әлеуметтік жұмысты басқарудағысубъект-объектті қарым-қатынас
Аңдатпа: Әлеуметтік жұмысты басқарудағы субъектті-объектті қарым қатынас туралы бір мақалада теория тұрғыдан қарастырылған, онда әлеуметтік жұмысқа байланысты кейбір негізгі ұғымдар түсіндірілген, сонымен қатар «көмек», «әлеуметтік қорғаныс», «әлеуметтік қамтылу», «әлеуметтік қызмет көрсету», «қайырымдылық», «әлеуметтік саясат» деген ұғымдарға сараптама беріледі.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)

Павлодар облысы халқының өсуін корреляциялық-регрессиялық талдау
Аңдатпа: Бұл мақалада Павлодар облысының өңірлері бойынша 2009-2013 жылдардағы туу үрдісінің корреляциялық-регрессиялық талдауы келтірілген. Аталмыш талдау әлеуметтік факторларға байланысты халықтың табиғи қозғалысының деңгейін анықтауда маңызы зор. Факторлық белгі ретінде өңірдегі мың адамға шаққандағы ажырасу мен жалпы алаңның ш.м. 1 адамға шаққандағы орташа есеппен халықтың үймен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері алынды. Алынған нәтижелер бойынша факторлық және нәтижелік белгі арасында тығыз байланыс бар екені анықталды.
Автор: Т.М. Арзаева
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 3(59)