Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Жоғары білім берудегі ресурстарды басқару реформалары
Аңдатпа: Мақалада білім беру жүйесін басқарудың тиімділігі және оның жай-күйі мен даму беталысы туралы қол жетімді барабар ақпаратты талап ететіндігі айтылады. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі халықаралық салыстыру контексінде білім беру жүйесін дамыту көрсеткіштері туралы салыстырмалы деректерді талап етеді. Дүниежүзінің қазіргі экономикалық жүйесінде оның инновациялық бағытқа негізделген дамудың постиндустриалды сатысына өтуін анықтайтын үрдістер талданады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Кәмелетке толмағандар саудасының және баланы ауыстырудың криминалистикалық сипаттамасы
Аңдатпа: Жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ал адам құқықтарын қорғау баланың құқықтарын сақтаудан басталады, ол өзінің физикалық және ақыл-ой жетілмеуіне байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше қамқорлық қажет етеді. Қазақстан Республикасының 1990-шы жылдардағы терең экономикалық дағдарыспен қатар жүретін нарықтық экономикаға көшуі әлеуметтік құрылымның дәстүрлі салаларына: жұмысқа, отбасына, білім беруге кері әсерін тигізді. Осының салдарынан Қазақстан және ТМД – ның басқа да бірқатар елдері шетел азаматтарының асырап алуы үшін оларды шет мемлекеттерге жеткізетін балаларды экспорттаушы елдерге айналды. Кәмелетке толмағандардың сатылуы болып табылатын шет ел азаматтарының ТМД мемлекеттерінің балаларын асырап алудың көптеген фактілері қорғаншы және қамқоршы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан қылмыстық – пайдакүнемдік сипатын жиі куәландырады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Студент – Компьютерлік ойындар – Ағылшын тілі
Аңдатпа: Мақала студенттердің ағылшын тілін өздігінен үйренуіне компьютерлік ойындардың әсер ету ерекшеліктерін анықтауға арналған. Оның ішінде компьютерлік ойындардың қызықты түрлерін атап өтуге болады. Бұл ағылшын тіліндегі белгілі жаттығулар болмаса да, дегенмен тілді меңгеруге зор үлес қосады. Компьютерлік ойындар ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты оятады, ағылшынша сөздерді түсінуге, дұрыс оқуға және сөйлеуге, сондай-ақ, сөздерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері жастардың шет тілін үйренуде кезінде осы әдістің тиімділігін көрсетеді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)