Аңдатпа:
Мақалада Қазақстан Республикасында астық өндірісінің серпіні, елдер бойынша астық
экспорты ашылған. Автор астық нарығына талдау жасады (егіс алқабы, өнімділік, жалпы жинау).
Қазақстан астық экспорты бойынша айтарлықтай әлеуетке ие. Астық экспорты ел экономикасы үшін
маңызды. Еліміз әлемдегі ең ірі алты астық экспорттаушыларының қатарына кіреді. Бұл
қазақстандық астықтың жоғары ұн тарту қасиеттеріне негізделген, қазақстандық ұнның сапалық
көрсеткіштері әлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланады, бұл қазақстандық бидайдың әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті болуына және әлемнің әр түрлі елдерінде өткізу нарықтарын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Экспорттың негізгі бағыттары-Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстан.
Мақалада астық нарығының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жүргізіледі; жай-күйіне баға
беріледі.
Журналдың шыққан жылы:
2019
Журнал нөмірі:
2(74)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар