Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Шығу айнымалысының жанама басқарудағы асинхронды электр жетегі
Аңдатпа: Мақалада электр жетегіндегі асинхронды қозғалтқыштың жанама бақылауы мен асинхронды қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын басқаруға арналған құрылғы бар индукциялық қозғалтқыштың математикалық сипаттамасы келтірілген, бұл оның негізінде асинхронды электр қозғалтқышының шығу айнымалысын басқару әдісін негіздеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, асинхронды электр қозғалтқышының жанама бақылауы бар құрылғысындағы асинхронды қозғалтқыштың шығу айнымалысының иммитациялық моделі мен негізгі нәтижелері келтірілген.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

WordPress платформасында WEB-сайт интерфейсін жасау
Аңдатпа: Мақалада Web-сайттарды жасау үшін WordPress CMS платформасының артықшылығы қарастырылады. Интернет дүкен сайтының интерфейстік бөлігін және сайттың функционалдық бөлігіне қатысты бағдарламалық кодты әзірлеу сипатталады. Сондай-ақ, плагинді белсендіру, орнату және баптау кезеңі көрсетіледі. Мақалада сайттың және мобильді қосымшаның негізінде интернет-дүкен құру үшін өзекті технологиялар талданды
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Суды сынаптың ластануынан тазарту технологиясын жасау
Аңдатпа: Зерттеу нысаны – Павлодар облысының Былқылдақ көлінің сынапты қалдықтармен ластанған су және түпкі түзілімдер. Жұмыстың мақсаты – Павлодар төңірегінде орналасқан Былқылдақ көлінің нысандарында сынақтан өткізілетін су ортасын триллионнан 1-10 бөлшектері деңгейіне дейін сынаптан терең тазалаудың инновациялық экономикалық тиімді технологиясын құрау.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Анық емес генетикалық алгоритм негізінде энергияны көп қажет ететін өндіріс жұмысының энергия тиімді режимін оңтайландыру моделін құру
Аңдатпа: Мақала бейсызық, инерция және оқшаулау қасиеттері мен энергияны көп қажет ететін өндірістердің бір түріндеги энергия тиімділігі режимін іздеуді оңтайландыру мәселесін шешуге арналған. Шешу әдісі ретінде генетикалық алгоритмге негізделген оңтайландыру моделі қарастырылады. Сонымен қатар, хромосомаларды таңдауға арналған икемділік функциясының есебін анық емес логика негізінде есептеу ұсынылады
Автор: Н.М. Зайцева
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Кәсіпорынның логистикалық жүйесін моделдеуде Петри желісін қолданудың теориялық негіздері
Аңдатпа: Мақала ақпараттық технологиялар негізінде логистика міндеттерін шешуге арналған. Шешімнің әдісі ретінде Петри желісі негізінде модельдеу ұсынылды. Петри желісі негізінде жеткізу тізбектерін басқару есебінің шешімі сипатталған.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)