Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

2(58)

Тазарту

Баға жоғары оқу орнындағы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім беру қызметі нарығындағы баға белгілеу жоғары оқу орнының жалпы бәсекелестік стратегиясының ажырамас элементі ретінде қарастырылған, сонымен қатар Павлодар аймағының жоғары оқу орнында қолданылатын баға түрлендіру жүйесіне талдау жүргізілген.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы
Аңдатпа: Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициялық саясатының тиімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі факторлар анықталған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау
Аңдатпа: Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі, жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техниканы дамыту, құрылымдық өзгерістер, бағалар, сыртқы экономикалық байланыстар, халықтың өмір сүру деңгейі, белгілі бір тауарлардың тұтынылу деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге болатындығы дәлелденген. Меншіктің түрлі нысандарын құру жағдайларында адам капиталын қалыптастыруда басты роль жұмыс берушілерге тиесілі, олар әлеуметтік тартымдылықтың аспектілерін қамтамасыз етеді немесе әлеуметтік бөлектетуге жол бермейді.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары
Аңдатпа: Бұл жұмыста мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландырудың негізгі проблемалары қарастырылған. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындаудың қазіргі жүйесінің кемшіліктері зерделенген. Мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландыру саласындағы мәселелерді шешу бойынша негізгі бағыттар ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде
Аңдатпа: Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар берілген. Сондай-ақ аймақтың инновациялық дамуына кедергі жасауы мүмкін факторлар аталған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі маркетинг және ақпараттық жүйенің дамуы мен жағдайы
Аңдатпа: Осы жұмыста Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасындағы ақпараттық- маркетингтік жүйенің құрылуы мен қалыптасуы баяндалады. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметіне талдау жасалған, сонымен қатар ауылдық ақпараттық- консультациялық орталықтарды жетілдіру мен тармақталған аймақтық желіні дамыту бойынша жаңа бағыттар ұсынылған.
Автор: М.А. Амирова
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)