Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

Тазарту

Жаратылыстану пәнін оқытудағы мақсатқа жетудің дидактикалық аспектілері
Аңдатпа: Мақалада мақсатқа жету мәселесін іс-әрекет және құзыреттілік көзқарастар тұрғысынан қарастыру ұсынылады. «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» оқу пәні мен мектептегі «Жаратылыстану» курсының мақсаттары мен міндеттерінен нақты тұжырымдар келтірілген. Авторлар ұсынған пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдауда,оқу материалын мазмұндау логикасын сақтау, оның мазмұн ерекшелігіне сәйкес сабақтастықтың дидактикалық қағидаттарын ескеру көрсетілген
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау бойынша жалпы орта білім беретін мектептің жұмыс жүйесі
Аңдатпа: Қазақстандағы білім беру саласындағы реформалар аясында оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерін олардың қабілеттері мен оқуға деген уәждемесін ескере отырып қайта қарау қажет. Оқуға деген ынтасы жоғары және жекелеген мектеп пәндері бойынша айқын білінетін қабілеті бар балалар ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл "Олимпиада" деп аталады. Мақалада әрбір жалпы орта білім беретін мектепте тұрған проблеманы шешу, атап айтқанда, олардың оңтайлы дамуына ықпал ету үшін осындай балаларды үйрету ұсынылады. Мақала авторлары орта жалпы білім беретін мектептердің жұмысына талдау жүргізіп, оның негізінде оңтайлы және проблемалық жақтары анықталды. Анықталған мәселелерді шешу үшін дарынды балалармен және оқуға ынтасы жоғары балалармен жұмыс бағыты бойынша мектептің жүйесі: мектептің циклдық жұмыс жоспары ұсынылды, олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді, бөлінген балалар тобын оқыту стратегиясы ұсынылды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды мультимедиалық технологиялармен оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Аңдатпа: Білім туралы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында әркімнің интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуға құқықтарының теңдігіне кепілдік береді. Мақала инклюзивті білім беруді дамытуды талдауға арналған. Инклюзивті білім беруді енгізу жолындағы проблемалар қарастырылады, инклюзивті білім беру аясында IT-мектебін өткізу тәжірибесі талданған. Мақалада инклюзивті білім беру әдістерін сәтті енгізуге ықпал ететін факторларды анықтауға әрекет жасалды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Ағылшын тілі сабағында кейс әдісін практикалық қолдану мәселесі
Аңдатпа: Мақалада шет тілі сабағын өткізудің бір түрі ретінде кейстерді қолдану арқылы проблемалық-ситуациялық оқыту қарастырылады. Ағылшын тілі сабағында кейс-әдісті жүзеге асыру ерекшеліктері көрсетілген. Ұсынылған мақалада оқу үрдісінде кейстер әдісін қолдану мен әзірлеуге қойылатын талаптарға талдау жүргізілді. Оқу үрдісінде ситуациялық жағдаяттарды қолдану мысалдары келтірілген.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Сөздік-тезаурус болмыс көрінісінің құралы ретінде
Аңдатпа: Мақала терминологиялық тезаурусты қалыптастырудағы кейбір аспектілерді ашуға арналған. Сонымен қатар арнайы сөздіктерді адамның кәсіби қызметтеріне (техникалық сөздіктер), бірліктер типтеріне (мысалы, фразеологиялық сөздіктер), олардың арасында орнатылған байланыстарына (мысалы, синонимдер сөздіктері) қатысты бөлу жөніндегі ғалымдардың болжамдарына ерекше назар аударылған. Аталмыш технология тезаурустың концептуалдық сұлбасын сипаттауға мүмкіндік береді, тезаурус терминологиялық жүйесінің тұтастылығы және біркелкілігі сақталады және нәтижесінде контенттің қолжетімділігі қамтылады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)