Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға педагог-психолог мамандарды даярлаудың теориялық негіздері

Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Мақалада жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға мамандарды даярлаудың философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жүргізу арқылы оны дамытудың өзекті бағыттары айқындалды. Қазіргі кезде жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытудағы мамандарды даярлаудың педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылатыны көрсетіледі. Мақсаты: жеткіншектердің танымдық іс-әрекетін дамытуға педагог-психолог мамандарды даярлауды теориялық тұрғыдан нақтылау және технологиясын ұсыну болып табылады. Әдіс-тәсілдер: Зерттеу жүргізу кезінде айтарлықтай түсінікті және сенімді болатын статистикалық деректерді қарастыру маңызды болды. Сондықтан біздің зерттеу аясында бақылау және ашық сұрақтар қарастырылған В.Э.Мильманның әдістемесі, сауалнама, сараптамалық бағалау әдісі, әңгімелесу, сұрау, сұхбат алу, тестілеу сериясын қолдандық. Нәтижелер және олардың маңыздылығы: Әдістемелердің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік зияттылықтың орташа деңгейінің басым болуы, білім алушылар бойынан төмендегідей белгілерді көруге мүмкіндік берді: кәсіби мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың әлеуметтік маңыздылығы бар екендігі, жалпы курс барысындағы теориялық білімдердің толық деңгейдегі меңгерілуі, күнделікті өмірдегі қарым-қатынас жақсаруынан көрінді, рефлексиялық мәдениеттің болуы өз кезегінде аса құнды деп есептейміз. Болашақ педагог-психолог мамандардың ой-өрісін дамыту, оқыту мен тәрбиелеу, шығармашылық қызметке дайындау оқытушының әдістемелік сауаттылығына, ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру біліктілігі мен даярлығына байланысты. Өздігінен білім алуға деген қажеттіліктер мен дағдылар өзінен-өзі пайда болмайды. Мұндай қасиеттер мектепте оқып жүргенде-ақ мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сыныптан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру үрдісіне қалыптаса бастайды. Болашақ педагог-психолог маманның кәсіби дайындығының міндеттеріне сәйкес оқытудың белсенді әдістері - проблемалық дәріс, семинарлар, пікірталастар және талқылаулар, кәсіби бағытталған арнайы курстар, курстық және дипломдық жұмыстар, мектеп педагогикасы мен дидактикасы мәселелерін ғылыми зерттеу, ғылыми ұйымдастырылған үздіксіз педагогикалық тәжірибе сияқты оқу іс-әрекетінің формаларында жүзеге асырылады. Педагогикалық іс-әрекетті меңгеру нәтижесінде болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби уәждері қалыптасады, мақсат және міндеттерді түсіну пысықталады, жеткіншектердің танымдық іс әрекетін дамыту үшін қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық-әдістемелік білімдер, сондай-ақ оларға сәйкес дағдылар мен біліктер игеріледі.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2024
Журнал нөмірі: 1(93)