Аңдатпа:
Зерттеудің негізгі мəселесі: білім беру ортасында инклюзия қағидаттарын жүзеге асыру
педагогтардың жеткілікті дайындықсыздығынан, ресурстардың тапшылығынан жəне оқу
ортасының ЕБҚ бар балалардың қажеттіліктеріне толық бейімделмеуінен күрделене түседі.
Мақаланың мақсаты: инклюзияны енгізудегі негізгі проблемаларды айқындау жəне
білім беру ұйымдарында оны одан əрі дамыту перспективаларын анықтау.
Зерттеу əдістері: əдебиеттер мен нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау,
инклюзивті білім беру тəжірибелеріне салыстырмалы талдау жүргізу, қолданыстағы тəжірибені
жинақтау.
Алынған нəтижелер: инклюзияны жүзеге асырудың негізгі кедергілері айқындалып,
педагогтердің біліктілігін арттыру, оқу жағдайларын жақсарту жəне ЕБҚ бар балаларды
қолдауды кеңейту сияқты даму бағыттары белгіленді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нəтижелері білім беру ортасын
жетілдіру, педагогтерді даярлау бағдарламаларын əзірлеу жəне мектептерде тиімді инклюзивті
практикаларды енгізу үшін қолданылуы мүмкін.
Журналдың шыққан жылы:
2026
Журнал нөмірі:
1(101)
Тақырып: Педагогика және психология
Қазақ
English
Русский