Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қазақстандағы миграцияны құқықтық реттеу аспектілерін зерттеу: мигранттардың құқықтары, əлеуметтік интеграция жəне мемлекеттік саясаттың рөлі

Аңдатпа:

Қазақстандағы миграцияның маңызы артып келеді, бұл тиімді құқықтық реттеуді қажет етеді. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық база миграцияның көптеген аспектілерін қамтиды, алайда мигранттардың құқықтарын қамтамасыз ету, əлеуметтік интеграция жəне мемлекеттің мүдделерін теңестіру мəселелері əлі де өзекті. Кешенді əрі қазіргі заман талаптарына сай реттеудің жоқтығы құқықтық белгісіздік пен əлеуметтік тəуекелдерді тудырады. Қазақстандағы миграцияны құқықтық реттеудің аспектілерін кешенді талдау жүргізу, мигранттардың құқықтары, əлеуметтік интеграция механизмдері жəне мемлекеттік миграциялық саясаттың рөлін айқындау. Заңнамадағы олқылықтарды анықтап, халықаралық стандарттар мен ұлттық мүдделерге сəйкес жетілдіру бағыттарын ұсыну. Зерттеуде формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық жəне жүйелі тəсілдер қолданылып, халықаралық шарттар, ұлттық заңнама жəне миграциялық құқықтың орындалу практикасы талданды. Қазақстандағы миграцияны құқықтық реттеу кең нормативтік базаға ие болғанымен, мигранттардың құқықтарының жеткіліксіз қорғалуына, əлеуметтік интеграцияның шектеулі болуына жəне мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің əлсіздігіне қатысты мəселелер бар. Миграциялық ағындарды бақылау мен мигранттарды қолдауда теңгерімді қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың, оның ішінде аймақтық бастамалардың маңызды рөлі атап өтілді. Заңнаманы жетілдіру, əлеуметтік бейімдеуді күшейту жəне миграциялық процестерді кешенді мониторингтеу бойынша ұсыныстар берілді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 3(99)
Тақырып: Құқық