Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Қазақстандағы дербес деректерге қатысты сот практикасына шолу

Аңдатпа:

Қазақстанда «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Заңды қоса алғанда, дербес деректерді қорғауға арналған арнайы заңнама болғанына қарамастан, құқық қолдану тəжірибесі жеткіліксіз əрі жүйесіз болып отыр. Деректерді өңдеудің заңдылығына қатысты нақты өлшемдердің болмауы, субъектінің келісіміне қойылатын талаптардың əлсіз реттелуі, сондай-ақ халық пен бизнес өкілдерінің жеткіліксіз хабардар болуы азаматтардың құпиялық құқықтарының жаппай бұзылуына əкеп соғады. Атап айтқанда, деректерді шағын жəне орта бизнес субъектілері тарапынан өңдеу кезінде, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік жəне жекеменшік құрылымдармен өзара іс-қимылы барысында елеулі проблемалар туындайды. Қазақстанда дербес деректерге қатысты құқықтық реттеу мен сот практикасының қазіргі жай-күйін талдау, заңнамалық нормалардың халықаралық стандарттарға, əсіресе GDPR- ға сəйкессіздігін, негізгі олқылықтарын анықтау жəне құқық қолдану тəжірибесін, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бағыттарын ұсыну. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық, нормативтік-құқықтық, эмпирикалық (сот істерін талдау) жəне жүйелі тəсілдер қолданылды. Қазақстан ұлттық заңнамасы мен еуропалық заңнама (GDPR қоса алғанда) арасында салыстырмалы талдау жүргізілді, нақты тəжірибелік істерге баса назар аударылды. Қазақстанда дербес деректер субъектісінің келісімі нысаны мен мазмұнына қойылатын нақты талаптардың жоқтығы, азаматтарды деректерді өңдеу мақсаттары мен тəсілдері туралы хабардар ету тетігінің қамтамасыз етілмегені анықталды. Деректерді минимизациялау, мақсатты шектеу жəне ашықтық қағидаттарына қатысты халықаралық стандарттармен елеулі алшақтықтар бар. Талдауға алынған сот істері деректер операторларының құқықтық мəдениетінің төмен деңгейін жəне уəкілетті органдардың бақылау функцияларын іске асыруда əлсіздігін көрсетті. Заңнаманы халықаралық нормаларға сəйкестендіру, бақылаушы органдардың институционалдық рөлін күшейту жəне дербес деректер субъектілерінің құқықтық санасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 3(99)
Тақырып: Құқық