Ауыл халқының үлесі жоғары болғанына жəне агроөнеркəсіптік кешеннің əлеуметтік маңызы зор болғанына қарамастан, ауылдық аумақтардың экономикалық өсімге қосқан үлесі шектеулі болып отыр. Негізгі қиындықтар еңбек өнімділігінің төмендігімен, қайта өңдеудің жеткіліксіздігімен жəне жастардың қалаға көшуімен байланысты. Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауылдық аумақтардың рөлін талдау, олардың жұмыспен қамтуға, ЖІӨ құрылымына, азық-түлік қауіпсіздігіне жəне энергетикалық ауысуға əсерін анықтау. Ресми макроэкономикалық статистикалық деректер (Дүниежүзілік банк, ҚР Ұлттық статистика бюросы), жұмыспен қамту мен ЖІӨ динамикасын салыстырмалы талдау, сондай-ақ «жасыл» экономика мен агроинновациялар бойынша жарияланымдарды шолу қолданылды. Талдау Қазақстан ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы үлесінің азайғанын көрсетті (2015 жылы 4,7 %-дан 2024 жылы 3,9 %-ға дейін), алайда халықтың шамамен 42 %-ы ауылдық жерлерде тұрады, ал агросектордағы жұмыспен қамту 12 %-дан жоғары деңгейде сақталуда. Бұл ауылдық аумақтар жұмыспен қамтуды, азық-түлік қауіпсіздігін жəне «жасыл» энергетиканың болашағын қамтамасыз ететін тұрақтылықтың маңызды драйвері екенін дəлелдейді. Олардың дамуы экономиканы əртараптандыру жəне əлеуметтік теңсіздікті азайту үшін стратегиялық маңызға ие.
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2025
Журнал нөмірі:
3(99)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Қазақ
English
Русский