Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.edu.kz

Артқа

Кедергісіз экономика: өңірлік өсудің стратегиясы ретінде инклюзия

Аңдатпа:

Қазақстанда, əсіресе индустрияландырылған өңірлерде, əлеуметтік теңсіздік пен аймақтық дамудағы диспропорциялар тереңдеп жатқан жағдайда əлеуметтік осал топтардың экономикаға тартылу деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Инклюзияға жүйелі көзқарастың болмауы адами капиталдың орнықты өсудің ресурсы ретіндегі əлеуетін шектейді. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесу, микрокаржыландыру жəне инклюзивті білім беру бастамаларын қамтитын бірқатар қолдау шаралары бар болғанымен, олар көбінесе үзік-үзік сипатта жүзеге асырылады жəне əлеуметтік-экономикалық даму стратегияларына енгізілмеген. Бұл олардың тиімділігін төмендетіп, тұрақты инклюзивтік институттардың қалыптасуын тежейді. Сонымен қатар, институционалдық, инфрақұрылымдық жəне цифрлық кедергілер əйелдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар жəне ауыл тұрғындары сияқты осал топтардың экономикаға толыққанды қатысуына тосқауыл болып отыр. Мұндай кедергілер құрылымдық теңсіздіктерді күшейтіп, əлеуметтік шеттетудің ұдайы өндірілуіне ықпал етеді. Мұндай жағдайда инклюзияны əлеуметтік көмек емес, еңбек жəне кəсіпкерлік əлеуетті кеңейтуге, ішкі сұранысты арттыруға жəне өңірлік экономиканың теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық стратегия ретінде қайта қарау қажет. Зерттеудің негізгі мақсаты – экономикалық инклюзияны өңірдің орнықты əлеуметтік- экономикалық дамуының стратегиясы ретінде қарастыру мүмкіндігін айқындау. Зерттеу барысында ресми құжаттарды талдау мен SWOT-талдау əдістеріне негізделген сандық жəне сапалық тəсілдер қолданылды. Осал топтардың аймақ экономикасына қатысуына кедергі келтіретін институционалдық, инфрақұрылымдық, нормативтік жəне əлеуметтік тосқауылдар зерттелді. Негізгі инфрақұрылым мен қолдау бағдарламаларының болуына қарамастан, инклюзивті дамуға басты кедергілер ретінде саясаттың фрагментарлығы, ведомствоаралық үйлестірудің əлсіздігі, цифрлық жəне білім беру теңсіздігі анықталды. Инклюзивті кəсіпкерлік, цифрлық жұмыспен қамту жəне адами капиталды дамыту арқылы экономикалық белсенді емес халықты тарту өңірлік өсудің маңызды көзіне айнала алады. Компенсациялық сипаттағы қолдаудан өңірлік жоспарлауға инклюзияны стратегиялық түрде біріктіруге көшу ұсынылады.

Мақала ашу
Журналдың шыққан жылы: 2025
Журнал нөмірі: 3(99)