Терроризммен, сондай-ақ жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымымен байланысты қауіп-қатерлердің артуы сот-сараптамалық қызметті тиімді құқықтық реттеуді жəне халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде ЕАЭО мен ҰҚШҰ шеңберінде дамытуды талап етеді. Криминалистикалық ғылымның қалыптасуында ортақ тарихи негіздің болуына қарамастан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқықтық жүйелерінде жарылғыш-техникалық сараптаманы процессуалдық жəне институционалдық регламенттеу бойынша əртүрлі тəсілдер қалыптасты. Бұл айырмашылықтар сараптамалық мекемелерді ұйымдастыру модельдерінде, нормативтік реттеудің деңгейінде жəне тараптардың процессуалдық кепілдіктерінің көлемінде көрініс табады, соның салдарынан жарылғыш құрылғыларды қолданумен байланысты істер бойынша сараптамалық қорытындыларды өзара тану мен бірлескен тергеп-тексеру жүргізуге кедергілер туындайды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында жарылғыш-техникалық сараптаманы тағайындау, жүргізу жəне бағалау тəртібін регламенттейтін нормативтікқұқықтық базаны кешенді салыстырмалы-құқықтық талдау, негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау, сондай-ақ сот-сараптамалық қызметті құқықтық реттеуді үйлестіру перспективаларын айқындау. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық, формальды-заңи жəне жүйелік талдау əдістері қолданылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қылмыстық- процестік заңнамасының нормалары, сот-сараптамалық қызмет туралы арнайы заңнама, сондай-ақ жарылғыш-техникалық сараптама жүргізуді регламенттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілер талданды. Зерттеу нəтижесінде Ресей Федерациясындағы жарылғыш-техникалық сараптаманы құқықтық реттеу моделі институционалдық полицентрлікпен жəне «Ресей Федерациясындағы мемлекеттік сот-сараптамалық қызмет туралы» федералдық заңда бекітілген рамалық нормативтік тəсілмен сипатталатыны, сондай-ақ бірнеше ведомстволық сараптамалық жүйелердің (Əділет министрлігі, ІІМ, ФҚҚ) қатар жұмыс істейтіні анықталды. Ал Қазақстан Республикасының моделі институционалдық моноцентрлікке жəне жарылғыш-техникалық сараптама саласындағы кəсіби стандарттар арқылы жүзеге асырылатын неғұрлым егжей- тегжейлі нормативтік стандарттауға бейім. Сонымен қатар, сараптаманы тағайындау кезінде қорғау тарапының процессуалдық құқықтарында елеулі айырмашылықтар бар екені анықталды, бұл ретте Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі айқын көрінетін бəсекелестік кепілдіктерді көздейді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған қорытындыларды ұлттық заңнаманы жетілдіруде жəне ЕАЭО мен ҰҚШҰ шеңберінде сот- сараптамалық қызметті үйлестіру тетіктерін əзірлеуде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады
Мақала ашу
Аңдатпа:
Журналдың шыққан жылы:
2025
Журнал нөмірі:
4(100)
Тақырып: Құқық
Қазақ
English
Русский