Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

1(77)

Тазарту

Қарағанды облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихы және қазіргі даму басымдары
Аңдатпа: Бүгінгі күні Қарағанды облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының (ҚХА) - қоғамның түрлі салаларында өз қызметін жүзеге асыратын маңызды саяси институт болып табылады. Қарағанды облысының ҚХА жүзеге асыратын жобалар кез келген этностық топтың тілі, мәдениеті, тарихы сияқты маңызды құрылымдарын сақтауға, зерттеуге және дамытуға бағытталған. Бұл оның бірізділігін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыратын нәрсе. Сонымен бірге, әр этностың жеке-жеке бай тарихи және мәдени мұрасын дамытып, сақтай отырып, ҚХА біздің республикамыздың біртұтас қауымдастығын - Қазақстан Республикасының азаматтарын, патриотизм және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін дамыта отырып қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде бұл сәнге айналған ұран ғана емес, ол мемлекеттілікті, ғаламдық әлемдегі орнын, жеке басын, бірегейлігін, ұлттық кодын сақтаудың маңызды және қажетті шарты.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Көркем мәтіндегі автор бейнесін көрсету формалары
Аңдатпа: Мақалада автор бейнесінің рөлі анықталады, сонымен қатар көркем мәтінде авторды көрсетудің түрлі формалары қарастырылып, авторлық мәтіннің ерекшеліктері көрсетіледі. Мәтін автордың әңгіме құру ерекшеліктерін, жеке көзқарасын білдіреді, мәтін арқылы автордың идеостилін анықтауға, автордың тұлғасын сипаттауға болады деген тұжырымдама шығарылады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Инновациялық Еуразияуниверситетінің имиджін қалыптастыру үшін PR-құралдарынталдау
Аңдатпа: Мақалада әртүрлі мақсаттағы аудиториялар үшін имидж және оның компонеттерінің талдауы көрсетілген. Автор Инновациялық Еуразия университеті үлгісінде компанияның жағымды бейнесін жасау үшін PR-құралдарын қарастырады. Аталған жоғары оқу орнының жұмыс жасау ерекшеліктері көрсетіліп, ұйымның имидж саясатын жүзеге асыру мақсатындағы олардың орны анықталған. Автордың пікірі бойынша, PR-құралдарынталдау ақпарат алушы мақсаттағы аудиторияның ерекшеліктері нетікелейқатысты жүргізілуі керек.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)