Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Мақалалар мұрағаты

Фильтрлар:

1(77)

Тазарту

Автомобиль көлігін электрмен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру
Аңдатпа: Мақалада электр генераторларының шығыс кернеуі бойынша диагностикасы негізінде электр жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру арқылы автокөлік жұмысының тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған. Диагностика ретінде бос тұрған режимде пайда болған кернеуге спектрлік талдау жасау және алынған нәтижелерден генератор элементтерінің күйін анықтау ұсынылады. Ұсынылған шешімдердің тиімділігі мұқият тексеру негізінде генератордың әртүрлі элементтерінің күйін анықтай алатын генератордың бөлінбейтін диагностикасы арқылы анықталады. Бұл әдіс генераторды жұмыстан шығаруды қажет етпейді, оның құрылымына тәуелді емес және генераторды күрделі пайдалану жағдайларында техникалық қызмет көрсетудің бастапқы кезеңінде генератордың жай-күйі туралы алдын-ала ақпарат алу үшін қолдануға болады.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Мұнай өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында жөндеу жұмыстарын жүргізу
Аңдатпа: Мұнай өңдеу өндірісін дамытуҚазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары қызметінің қолайлы жағдайларымен, нарықтық өзгерістерді жүзеге асырудың барлық нормативтік-құқықтық негіздерін реттеудің тұрақты процестерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің мұнай өңдеу секторында басқарушылық және жаңашыл шешімдер қабылдаудың тиімділігімен елеулі дәрежеде айқындалатын әлеуметтік-экономикалық ортаның ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта барлық өндірістік үдерістерді ауқымды модернизациялауға, сондай-ақ елдің мұнай өңдеу кешенінің жабдықтарын модернизациялауға көп күш жұмсалып отыр.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Қызметкерлердің кәсіпорындағы қызметке бейімделуі үшін электрондық курсты әзірлеу технологиялары
Аңдатпа: вторлар электронды курсты пайдалану арқылы кәсіпорында жаңа қызметкерлерді бейімдеу қажеттілігін қарастырады. Мақалада "электрондық курс", "адаптациялық электрондық курс"ұғымдарының анықтамалары келтіріледі. Бейімдеу электрондық курсы жаңа қызметкерлерді кәсіпорынның тарихымен, құрылымымен және корпоративтік құндылықтарымен таныстыру үшін әзірленген, жаңа қызметкерге ол үшін ерекше еңбек және психологиялық факторларға бейімделуге мүмкіндік беретін курс болып табылады. Мақалада бейімдеу курстарына талдау жүргізілді және электрондық курсты әзірлеудің негізгі технологиялары (виртуалды және толықтырылған нақтылық технологиялары, геймификация, онлайн–чат, LMS және корпоративтік оқыту порталдары, Машиналық оқыту және жасанды интеллект, оқыту аналитикасы және BigData, сторителлинг) анықталды. Бейімдеу электрондық курсын әзірлеуде, әсіресе бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуде сторнеллинг технологиясының артықшылықтары анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)