Аңдатпа: 
                            Негізгі мəселе: Ғылымда «дүниетаным» ұғымын этностың көзқарастық жүйесі деп
санау орын алған. Бұл жүйе белгілі қауымдастықтың əлеуметтік-географиялық ортада
қалыптасатын, дүниетанымының, құндылығының бағдарларын сараптайды.
Мақсаты: «Ұлттық дүниетаным» ұғымының антропоцентристік негізі – адамдардың іс-
əрекеті, өмір сүру тəсілі, ойлау жүйесі, адамдардың рухани дүниесі, мінез-құлқы, қайрат-жігері,
əдет-ғұрпы, сол адамды қоршаған географиялық орта, олар сондай-ақ адамдардың əлеуметтік-
саяси жағдайларымен, нақты ісімен байланысты. Əрбір халықтың менталитетінің ерекшелігі –
сол этносқа тəн өзгешеліктері, адамды қоршаған ортада, адамдардың ісі мен мінез-құлқымен,
ойлау жүйесімен тығыз байланыста. Осындай факторлардың өзгешелігі əрбір ортаның
ерекшелігімен, этностарға тəн ойлау жүйелерімен, мінез-құлықтарымен байланысты, мəселен,
қазақтардың менталитетін батыстық үлгіде қалыптасқан еуропалық халықтардың
менталитетімен салыстыруға болмайды.
Əдістері: ғылыми-əдістемелік тұрғыдан сипаттау, салыстырмалы талдау əдістері
пайдаланылды.
Нəтижелері жəне олардың маңыздылығы: Қазақ халқының «ұлттық дүниетаным»
ерекше түрде қалыптасқан, сондықтан оны батыстық үлгідегі қағидалар мен тұғырнамалар
арқылы зерттеуге болмайды.                        
                        
                        
                            
                            Журналдың шыққан жылы:                             
                                2024                            
                        
                        
                            
                            Журнал нөмірі:                             
                                3(95)                            
                        
                        
                            
                            Тақырып:                             Гуманитарлық ғылымдар
                        
                        
                     
             Қазақ
 Қазақ English
 English Русский
 Русский